2022 жылдың тамыз айының 18 - ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ - ның ұйымдастыруымен Шардара қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың интернет арқылы жастарды арбауы», - тақырыбында кездесуге, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Д.Аманов, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің теолог маманы Е.Сариев қатысты. Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Д.Аманов ислам діні атын жамылып деструктивті діни ағымдардың жақтастары кeз - келген бағыт бойынша, соның ішіндe ғаламтор арқылы да жастарымыздың санасын улап, қоғамымызға іріткі салып бағуда. Қоғамға дендей eнген әлеуметтiк жeлінің пайдасымен қоса зияны да бар. Мысалы, деструктивті діни ағымның жeтегінде кеткендердің 88 пайызына осы әлеуметтік желі әсер еткені зерделеу арқылы белгілі болды деді.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Деструктивті діни ағымды ұстанушылардың басым көпшілігін жастар құрайды. Олар діни ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Әсіресе олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады және діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп қатарына тартатынын тілге тиек етті.
Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің теолог маманы Е.Сариев кез келген теріс пиғылды діни топ көздегеніне тез жету үшін әрі қатарын жаңа адепттермен толықтыру үшін өзінің шынайы мақсатын жасыруға және зұлымдықтарын ақтауға тырысатыны белгілі. Осыған орай деструктивті ағым өкілдері өз уағыздарында бұрмаланған әр түрлі діни дәйексөздерді келтіре отырып, өздерінің жолын әділ әрі ақиқат етіп көрсеткісі келеді. Алайда бейбітшілік пен бауырмалдылыққа үндейтін шынайы діни сенімде адамдарға зұлымдық пен әділетсіздік танытуға, нақақтан жан иесін өлтіруге жол берілмейтінін айтты.