Бейсенбі, 18 Тамыз 2022 17:29

Шардара: Діни сауаттылықтың маңыздылығы

2022 жылдың тамыз айының 18 - ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ - ның ұйымдастыруымен Шардара аудандық пробация бөлімінде есепте тұратын азаматтармен «Діни сауаттылықтың маңыздылығы», - тақырыбында кездесуге, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Д.Аманов, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара аудандық пробация бөлімінің инспекторы, әділет капитаны Н. Алпысбаев қатысты.

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Д.Аманов бүгін де, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтын жат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз отбасы мүшелерінен, үй - меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз - өзіне қол салып, балаларына тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл - қыздардың музыка тыңдауға қарсылық білдіріп, мемлекеттік әнұранды тыңдауды және туға құрмет көрсетуді харам деп жатқандарын да жоққа шығаруға болмайды. Соңғы уақытта кейбір отбасыларда әкесі бір дінді, баласы бір дінді, анасы бір дінді ұстанатын халге келдік. Осындай отбасыларда кикілжің туатын болса, әркім өз жақтастарын мәселеге араластырып, арты бітпес жанжалға ұласып кетуі мүмкін. Қоғамға іріткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын жастардың санасына ұғындыру.

Сөз кезегінде Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров болашақ жастардың қолында. Жастарымызды имандылыққа, ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген асыл дініміз исламға баулысақ, түрлі жат ағымдардың жетегіне кетпейтін болады. Сонымен қатар иманды жас отанын, елін, жерін сүйетін, салт - дәстүрін, тілін, мәдениетін берік ұстайтын болады. Пайғамбарымы Мұхаммед (с.а.с): «Отанды сүю иманнан», - деген. Мәңгілік елдің тірегі - құндылықтарында. Сол құндылықтардың бірі дәстүрлі дініміз. Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Дін - қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Бұл мәнде дін қай халықтың болмасын мәдениетінің рухани негізі екенін ескеруіміз керек деді.

Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің теолог маманы Е.Сариев кездесу барысында жастарға теріс діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндіріліп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімімен таныстырылды. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан - жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтылды. Дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауапты ең бірінші Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарынан іздеген абзал екендігін айтты. Студенттерге діни теріс ағымдардан келетін қауіп қатерлерді кең көлемде түсіндірілді. Сол себепті бұл қауіптің алдын-алып, теріс діни ағымдармен күресу қоғам алдындағы негізгі міндет болып табылады деп сөзін қорытындылады.

Оқылды 139 рет