Бейсенбі, 18 Тамыз 2022 17:46

Шардара: Дін - тәрбиенің рухани тірегі!

Шардара қаласында  «Дін - тәрбиенің рухани тірегі», - тақырыбында кездесу өтті. Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Д.Аманов, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің теолог маманы Е.Сариев, Мәулен Қалмырзаев атындағы мамандырылғын мектеп интернатының директоры Б.Құлахметов қатысты. Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Д.Аманов кездесудің мақсаты - діннің шығу тарихымен жастарды таныстырып, мәнін және оның қоғамда алатын орнын ұғындыру, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, рухани - адамгершілік тәрбие беру. Сондай - ақ діни сауаты аз адамдар осындай теріс ағымдардың соңынан ілесіп кетуі мүмкін. Әсіресе, жастар. Осы мәселелерді зерттегенде, діни сауатсыздық ең басты себеп екендігін анықтадық. Елбасымыз Жолдауында: «Қазақстандықтар бойында діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыру керек. Және ішкі сүзгі деген дүниені қалыптастыруымыз қажет», - деген болатын. Бұл дегеніміз санамызға тек қажетті ақпаратты ғана қабылдап, керек емесін қабылдамау. Теріс ағымдар психологиялық тұрғыда алдау - арбау арқылы дегендеріне жетеді. Тоғыз жолдың бірі дұрыс емес болып қалуы мүмкін. Сондықтан абайлап жүру қажет», - деді.

Сөз кезегінде Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қазақ ислам дінін берік ұстанып, дінмен біте қайнасқан халық. Қазіргі қоғамда оғаш болып көрініп жүрген діни ұстанымдағы ерекшеліктер бұрынғы ата - бабаларымыз ұстанған дінмен сәйкес келмей жататындығы рас. Бірақ бұрынғы ата - бабаларымыздың діни бағытымен қазіргі қоғам қабылдаған, қалыптасқан діни бағыттың ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек қазіргі қоғамда бұрын болмаған діннің атын жамылған теріс ағымдар бар. Міне, біз осылардан қорқамыз. Әйтпесе бұрынғы Құран кітаппен қазіргі Құран кітапты салыстырыңыз, аятында да, сөзінде де ешқандай айырмашылығы жоқ, - деп сөзін қорытындылады.

Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің теолог маманы Е.Сариев қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің дамушы және дамыған елдерден ерекшелігі, ол - қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуы. Біздің мемлекетіміз көп ұлтты, демократиялық мемлекет болғандықтан дін мәселесі жөнінде барлық азаматтарға қай дінге кіруіне, қандай дінде болуына еркіндік берілген. Осыған орай, еліміздің жарқын болашағын қалаушы - жас ұрпақтарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың мән - мағынасын, әсер ету жолдары мен тигізер зияндары да аз емес. Дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру және діни сенімдерді насихаттау, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу. Жас ұрпақтың санасына және қоғамға іріткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын жастардың санасына ұғындыру басты міндетіміз деп сөзін қорытындылады.

 

Оқылды 144 рет