Президент халыққа Жолдауында құқық қорғау органдарының алдына нақты міндеттер қойды.
Ішкі істер органдарында не және қалай өзгереді? Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.
Отбасында қол көтеруді ұнататындар үшін өте жағымсыз жаңалық
Отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық:
"отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында тұрған адамға қатысты" деген қосымша саралау енгізіледі;
Яғни, егер осы салада зорлық-зомбылық фактісі анықталса, онда жәбірленушінің абьюзерге кім болып келетініне қарамастан, жазаның бұлтартпастығы қағидаты қолданылатын болады. Бастысы - ол онымен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста болса жеткілікті.
осы саладағы бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімінің төменгі шегін белгілеу жоспарлануда;
Яғни, егер бапта қамауға алу қарастырылған болса, онда ол 5 тәуліктен басталады, қайталанған жағдайда - 20-дан 25 тәулікке дейін (бұрын бұл үшін қамауға алмайтын).
БҰЛ МАҢЫЗДЫ! Құқық қорғау органдары тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің өтініш беру сипатынан анықтау сипатына көшеді;
Яғни, жәбірленуші арыз жазбаған болса да, абьюзер жазаланады.
қайталама құқық бұзушылық кезінде тараптар татуласа алмайды;
Бұл дегеніміз - жанжалқой адам өзінің құрбанына психологиялық және физикалық тұрғыдан "арызыңды қайтып ал!" деп қысым жасай алмайды.
абьюзерге жасалған әкімшілік "ескертуді" қоғамдық жұмыстарға ауыстыруға болады;
Бұл дегеніміз - "Әйеліңізді ұрдыңыз ба? Көше сыпырыңыз". Өз мінез-құлқыңызды бақылау үшін күшті мотивация!
Тек осы жылы:
35 мың жанжалқой әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
60 мыңнан астам қорғау нұсқамасы шығарылды;
соттар мінез-құлыққа қатысты 9 мыңға жуық ерекше талап қойды;
шектеулерді бұзғаны үшін 3,5 мың құқық бұзушы жауапқа тартылды. ( ҚР. ІІМ нің ақпараты)
Өзгесін, өзім айтам өз жырымды:
Жанжалқой ол дебошир. Кезінде бізді ешкім түсінбеді. Қолдамады. Соңында біздің еңбектеріміз еленіп Президент "отбасылық зорлық - зомбылықтың алдын алу" үшін заңдарға қол қойды.
Міне енді басталды.
"Зорлық зомбылықсыз отбасы" деп ауылдарды аралап жүріп іс- шаралар өткізіп жүріп, Бас прокуратураның
" ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН" пилоттық жобасына қатысып, "отбасылық ұрыс- жанжал мен отбасылық зорлық зомбылықты"- ажырата білу қажет деп, білгенім мен зерттегенімді ұсына отырып, заңдарға өзгерістер мен қосымшалар енгізуге теңіздің тамшысындай болса да, ықпал жасағанымды мақтан етемін!
" Заңғар Медет" қоғамдық бірлестігі зорлық- зомбылыққа ұшыраған ана мен балаға құқықтық көмек көрсетеді.