Сенбі, 27 Тамыз 2022 09:50

ТӨЛЕБИ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бағытында Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комиссиясы Төлеби ауданы әкімі аппаратының заң бөлімімен бірлесе жоспарға сәйкес, Төлеби аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі және тұрғын үй қатынастар саласында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы күреске барынша жұмылдыру, тұрғындар арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

Аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы Д.Жұмәлі хабарлама жасады. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамада» әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне назар аударылып жатқандығын атап өтті.

Оқылды 261 рет