Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022 11:09

ТӨЛЕБИДЕ КЕЗЕКТІ ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Төлеби аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары "Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлерімен бірлесе кезекті түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

Негізгі мақсат түнгі уақытта себепсіз, үй-жайдан тыс, ата-ананың еруінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтау.

Рейд нәтижесі бойынша жалпы 15 жасөспірім анықталды, оның ішінде 6 жасөспірім қыз баласы болғандығы өкінішті. Соңғы кездері түнгі рейд барысында жасөспірім қыз балаларының үй-жайдан тыс, ата-ананың еруінсіз жүруі жиі анықталуда.

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!

"Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей сапар шекпес".

Жасөспірім ұл, қыздарыңыздың түнгі уақытта көшеде жүрмеуін ескертіп, қадағаласаңыздар.

Алда, "1 қыркүйек – Білім күні" Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынға санаулы күндер қалды. Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу баршамыздың басты міндетіміз.

Оқылды 318 рет