Қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қала көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық кең ауқымды шара өз жалғасын табуда.
«Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары жыл сайын күшейіп келеді, алайда әлі күнге дейін жолдарда немқұрайлылық танытатын және жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін жауапкершілікті сезінбейтін азаматтар санаты бар. Бұл жауапкершілікті сезінбеу кейде қайғылы оқиғамен, өкінішпен аяқталуы мүмкін. Сондықтан да жүргізуші құрамын, сондай-ақ жаяу жүргіншілерін жолдарда құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамын. Бір-бірімізге құрметпен қарау біздің қауіпсіздігіміздің кепілі бола алады»- Арыс ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бастығы подполковнигі Ахметов Жандос Қожагелдіұлы.