Бүгін Түлкібас ауданы Сот Медициналық Сараптамасы қызметкерінің кісі өліміне қатысты жалған Тұжырым бергендігі жөнінде менен көмек сұрап келген азаматтың арызы, Түркістан Облысы Полиция Департаментінде қаралып, қандай шешім қабылданғандығын тез арада білу мақсатында Генерал Мұрат Қабденов мырзаға Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы қоңырау шалдым.
Менің шалған қоңырауыма жиналыста болғандықтан па жауап бере алмады. Алайда арада 10 минут уақыт өткеннен кейін Мұрат Қабденов мырзаның маған қоңырау шалғанын көрдім. Қайта өзіне қоңырау шалған едім, тұтқаны Түркістан Облысы Полиция Департаментінің басшысы Мұрат Қабденов мырзаның өзі көтерді.
Жағдай сұрасып, өз мәселемді айтып жеткіздім. Менің мәселемді мұқият тыңдаған Департамент Басшысы, арыз бойынша кім айналысқанын, қандай шешім қабылданғанын жауапты қызметкерлерге тапсырма беріп толық анықтап, қосымша хабарлайтынын айтты.
Түркістан Облысының Полициясы Халыққа қажет кезде, Көмек қолын созуға әр қашан дайын екеніне кезекті рет көзіміз жетті.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тұжырымдамасы мен жолдауларын іске асыру мақсатында нәтижелі жұмыстар жасап, Облыс тұрғындары мен ашық байланыста болып, Халықтың Полицияға деген сенімін одан әрі арттыру мақсатында аянбай еңбектеніп жүрген Мұрат Қабденов мырзаға алғысымызды білдіреміз.