Сенбі, 27 Тамыз 2022 08:43

Созақ: «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өтуде

Созақ ауданы полиция бөлімі қызметкерлері аудан көлемінде өтіп жатқан

"Абайлаңыз балалар " жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Осыған орай Созақ ауданына қарасты білім беру орындарын жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың

қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін

барлық білім ұйымдарының алдында орналасқан жаяу жүргінші жолақтарын жаңартып, жасанды жол кедергілерін орналастыру бағытында қадағалау жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда.

Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарын жол қауіпсіздік

шараларын сақтап, мектепке баратын

балаларының қауіпсіздігін барынша сақтауға

шақырады.

Оқылды 256 рет