Super User

Super User

Түркістанда салынатын ғимараттардың сәулеті мен сапасы талқыға түсті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде салынатын ғимараттар мен жобалардың сәулеті кезекті рет талқыланды. Сәулеттік кеңеске жауапты басқарма басшылары, кәсіпкерлер мен инвесторлар және сәулет, құрылыс саласының өкілдері қатысты. Өңір басшысы әрбір жобаны терең зерделегеннен кейін ғана кеңес отырысына ұсыну керектігін ескертті.

Түркістан қалалық ауруханасында 26 кохлеарлық имплантация сәтті жасалған

Өткен жылы Түркістан қалалық орталық ауруханасы өңірдегі медициналық тәжірибеде үлкен серпіліс жасап, алғаш рет оториноларингология саласындағы заманауи жоғары технологиялық оталардың бірі – кохлеарлық имплантация жүргізе бастады. Бұл жоба – аурухананың жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып қана қоймай, есту қабілетінің ауыр бұзылысы бар пациенттерге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 трлн теңгені құраған

2024 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Алдын ала есеп бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 4,3 трлн теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 109,8%-ды құрады. Экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мәселесі облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.

Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мың орынға арналған тағы бір мектеп пайдалануға берілді

Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды. 2 мың оқушыға арналған білім ұясы «Жаңа қала» ықшамауданында бой көтерді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.

Осы RSS каналға жазылу