Super User

Super User

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ең шалғай ауылына газ берілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығынан ең шалғай орналасқан Иірсу ауылына газ берілді. Өткен жылдардан өтпелі болып іске асқан газ құбырын тарту жұмыстары биыл толығымен аяқталды. Нәтижесінде 21 шақырымнан астам құбыр тартылып, ауданның ең биік нүктесіндегі елді мекенде орналасқан 26 үй мен 4 мемлекеттік коммуналдық мекемені көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістанның экономикалық белсенді халқының саны 83 мыңнан асып, оның жұмыспен қамтылғаны 80 мыңға жуықтаған

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Яссы» және «Шауғар» секторы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады. Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары, жауапты қала әкімінің орынбасарлары және дербес бөлімдер мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Түркістан облысы: Кентауда қалалық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда Түркістан облысында 4 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде былтыр мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруымен Кентау қалалық ауруханасының «А» корпусы толық күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын. Биыл «А1» корпусын толық күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінде құрылыс жұмыстары жасалуда. Келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Түркістан облысы: Созақта алдағы 6 жылда 38 инвестициялық жоба жүзеге асып, 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда. Таяуда Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аймақтың 2024-2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Негізгі индикаторлар мен экономиканы алға сүйрейтін салалар сарапталып, терең талданды. Облыс әкімі тарапынан даму жоспарын толықтыру туралы тапсырма беріліп, сала басшыларының ұсыныстары тыңдалды.

Осы RSS каналға жазылу