Super User

Super User

Отырар ауданы: Ө.Жәнібеков атындағы мектеп лицей-интернатында «Оқу-білім бұлағы, білім өмір шырағы» атты түлектердің мектеппен қоштасу іс-шарасы өтті

Бүгін Отырар ауданындағы барлық білім ордаларында мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау іс-шарасы салтанатты жағдайда аталып өтті. Солардың бірі Ө.Жәнібеков атындағы мектеп лицей-интернатында «Оқу-білім бұлағы, білім өмір шырағы» атты мектеп түлектерінің үлкен дайындықпен өткізген мектеппен қоштасу іс-шарасы болып өтті.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» аясында ардагерлерге арналған тарихи-танымдық сапар ұйымдастырылды

2025 жылдың 14–15 мамыр күндері Отырар ауданы әкімдігі мен “Белсенді ұзақ өмір” әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» аясында ардагерлерге арналған тарихи-танымдық сапар сәтті өтті.

Отырар ауданы: Әбу Нәсір әл–Фарабидің туғанына 1155 жылдығына орай Фараби оқулары байқауы өтті

Биыл еліміз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз ұлы ойшыл, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, киелі Отырар өңірінен шыққан ұлы тұлға Әбу Нәсір әл–Фарабидің туғанына 1155 жыл. Осыған орай Отырар ауданының 90 жылдығы аясында Ұлы ғұламаның өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Адамзаттың ұлы ұстазы» атты облыстық Фараби оқулары байқауы болып өтті.

Отырар ауданында Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Отырар ауданында 9 мамыр - Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай «Ер есімі - Ел есінде» атты салтанатты шара өтті. Көксарай ауылында өткен меркелік жиында Отырар ауданының Құрметті азаматы, меценат Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлының демеушілігімен Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай қайта жаңғыртудан өткен «Көксарай құтты мекенім» естелік саябағының ашылуы өтті.

Осы RSS каналға жазылу