Super User

Super User

Ордабасы ауданы: ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында аудандағы ауылшаруашылығы саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Ордабасы ауданы: «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасында параболалық лоток өндірілетін болады

Ордабасы ауданындағы Қарақұм елдімекенінде жалпы 2 гектар аумақта орналасқан «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің өндірістік-техникалық базасы мекеме техникаларына қызмет көрсетіп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі таңда «Тұран су» мекемесінің теңгерімінде 81 арнайы техника бар.

Ордабасы ауданы: Бөген және Жеңіс ауыл округтеріне қарасты ауылдардағы көптеген мәселелер шешімін тапқан

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есеп беру жиындары бүгін Бөген және Жеңіс ауыл округтерінде өтті.

Ордабасы ауданында 2210 оқушы мектеп бітіріп, 1 мектеп республика көлемінде үздік мектептердің қатарына енді

Бүгін, еліміздің барлық өңірлеріндегі білім ошақтарында оқу жылын аяқтау салтанаты болып өтті. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, 217 мың түлек 11-сыныпты бітіруде. Ордабасы ауданы бойынша жалпы 37 362 оқушы болса, олардың 2 210-ы мектеп бітіруші түлектер. Олардың 136-сы «Алтын белгі», 194-і «Үздік аттестат» үміткерлері.

Осы RSS каналға жазылу