Ордабасы ауданының әкімі мереке қарсаңында тыл ардагерлерін марапаттады
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарында ерен еңбек етіп, жеңістің жақындауына үлес қосқан тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы марапаттап, оларға Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде, ерлік пен еңбектің нышанына баланатын «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальін табыс етті.