Сауран: төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді
Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Шорнақ мектебінде қауіпсіздік сабағын өткізді.
Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Шорнақ мектебінде қауіпсіздік сабағын өткізді.
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет аппаратының кәсіби біліктілігіне, мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептік келбетіне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптардың күшейгендігін байқауға болады. Мемлекеттік қызметшінің әдебін қалыптастыруда жергілікті әкімдіктегі әдеп жөніндегі уәкілдердің ықпалы зор. Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Қуандық Құлажанов Үшқайық, Қарашық, Жүйнек ауыл округ әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесіп, қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асанғали Төлепбергенов айтты.
Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінің құрылғанына биыл 40 жыл толды. «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде мерейтойға орай салтанатты жиын өтті.
2023 жылдың 1 қараша күні Шымкент қаласында орналасқан ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 10216 әскери бөлімінің құрылғанына 40 жыл толады. 10216 әскери бөлімінің жеке құрамы күнделікті Оңтүстік өңірінің әуе шекарасын және Шымкент қаласының әкімшілік және әскери нысандарын қорғауда жауынгерлік кезекшілік атқаруда.
Жиында «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы, полковник Серікбай Онбаев көпшілікті мерейтоймен құттықтап, әскери бөлімнің қызметіне табыс тіледі.
–1983 жылы құрылған әскери бөлім өздерінің әскери жауынгерлік дайындығы жоғары екенін оқу-жаттығу жиындарында әрдайым дәлелдеп келеді. Бөлімде небір белсенді, қадірлі азаматтар қызмет етті. Әскери бөлім өзінің даму тарихында талай қиындықтарды өткере келе бүгінде
ҚР Қарулы күштерінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында он қоғамдық бірлестік бір мақсатта жұмыс істеп жатыр. Биыл 6 айда 400 ден астам іс-шара ұйымдастырдық. Өйткені біздің өскелең ұрпақ Отан қорғауға дайын болуы керек, – деді С.Онбаев.
Әскери бөлімнің командирі Орынбасар Жұбанов бірқатар азаматтарға кезекті әскер шенін және арнайы алғыс хаттарды табыс етті. Бөлімнің жеке құрамы өз қызметінде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға және әуе шекарасын қорғауға зор үлес қосып келеді.
Жиын соңында Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, бригаданың қару-жарақ жүйесі қуатты, заманауи зениттік-зымырандық кешендермен, заманауи радиолокациялық станциялармен және кешендермен жабдықталған. Бөлімде 1000 ға жуық әскери бар. Күнделікті 400 сарбаз өңіріміздің әуе кеңістігінің тыныштығын сақтау үшін кезекшілік етеді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Мәжілісте өңірдегі маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, облыстағы қоғамдық-саяси ахуал, конго-қырым қызбасының алдын-алу шаралары және шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асанғали Төлепбергенов айтты. Бүгінде облыс аумағында орман-дала өрттерін алдын алу мақсатында «Орман, дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар» жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
«Қауіпсіз қала» жобасы аясында Түркістан қаласында 812 бейнебақылау камерасы іске қосылған. Бақылау камералары «Жеңіс» саябағы, «Алтын орда» автобекеті, «Керуен сарай» сауда кешені, «Қуаныш» базары бағыты бойынша, Тәуке хан даңғылы, С.Ерубаев, М.Тынышқұлов, Төле би, Нышанов көшелері, Түркістан теміржол станциясы аумағында орнатылған.