ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫНЫҢ ІС - ӘРЕКЕТТЕРІН БАҒАЛАЙТЫН ЖҮЙЕНІ ІСКЕ ҚОСАДЫ
ҚР Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Цифрлық көмекші» форматты-логикалық бақылау ақпараттық жүйеде қабылданған шараларды толық бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков хабарлады.