Түркістан: Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамасы таныстырылды
Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс-залында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында азаматтардың және өзге де адамдардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» атты арнайы талдамалық баяндамасының тұсаукесері болып өтті.