Велосипед ұрлаған күдікті анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, «Атакент-Жетісай» тас жолының бойында оның «Asbike» маркалы велосипедін белгісіз біреу жасырын жымқырып кеткен.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшалары хабарлама келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті анықталды. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жеңіл жолмен ақша табуды көздеген. Велосипед айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері өздеріңіздің жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жетісайлық полицейлер жол жүру ережелері бойынша жиналыс өткізді

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолда жүру ережесі бойынша тұрғындарға тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осы тұрғыда Төтенше жағдайлар және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен де арнайы кездесу өткізіп, жолда жүру ережелерін толық таныстырды.

Шараның басты мақсаты - жолдағы қайғылы жайдайлар жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыратыны және жүргізушілер мен мас күйінде көлік басқаратындардың кесірінен орын алатын жайларды болдырмау. Жиынға қатысқандар өздерінің ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар ауданда жол-көлік оқиғалары мен түрлі құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және алдын алу мақсатында Жетісай қаласының орталық М.Әуезов, С.Қожанов, А.Яссауи көшелеріне сандық форматтағы жаңа бейнекамералар орнатылды. Бұдан бөлек «Сергек» камералары Жетісай қаласының ішкі және сыртқы маңызы бар, қауіпті жол- көлік оқиғалары жиі орын алатын көшелерге алдағы уақытта қойылатындығын айтты.

Айта кететін жайт, Жетісай АПБ-нің қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтауы үшін әр жұма-сенбі күндері аудан бойынша рейдтік тексеріс жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Полицейлер жол көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді!

 

Келестік полицейлер қайырымдылық жасады

Тәртіп сақшылары - қылмыспен күресуде белсенді жұмыс атқарып, әділдіктің шыңында жүретін, қашан да спортты серік етіп, қайырымдылық шарасынан да қалыс қалмайтын маман иелері.

Осы тұрғыда келестік сақшылар полиция полковнигі Саттар Отыншиев пен полиция капитаны Дастан Жамаловтың бастамасымен 3 баласы бар, тұрмысы төмен мұқтаж отбасына барып, мектепке қажетті құрал-саймандарды сыйға тарту етіп, алдағы оқу жылдарына сәттілік тіледі. Тәртіп сақшыларының сыйлағанына дән риза болған балалар өздерінің қуаныштарын жасыра алмады.

Өткізілген қайырымдылық шарасы барысында 3 баланың анасы Ақмарал Қанлибаевна полицейлерге өзінің ризашылығын білдірді: «Полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Мынау қиын-қыстау заманда балаларға қайырымдылық жасап, мектепке қажетті керек-жарақтарын алып берді. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын!» - деп атап өтті.

 

ТӨЛЕБИ: «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

ТөлебиаудандықполициябөлімініңбастығыныңбұйрығыменТөлебиауданыаумағында 2022 жылдың 19-шышілдесіненбастап «Қауіпсізжол» жеделпрофилактикалықіс-шараөтуде. Көлікжүргізушілеріарасындажол-көлікережесінсақтаудынасихаттау, жолкөлікоқиғаларыназайтужәнежолережелерінбұзудыңалдын-алумақсатындаіс-шараалдымыздағыжылдың 18-шітамызынадейінжалғасты.

Шарабарысындазаңсызжолаушылартасымалы, жолжүрісі, қағидаларынөрескелбұзушылардыанықтау, масжәнемасаңкүйдекөліктізгіндегендер, жылдамдықрежимінбұзғандар, жаяужүргіншілергебасымдықбермегендермен, басқадажолережесінбұзушыларжетібақылауғаалынуда.

Ағымдағыжылдың 17-шітамызынадейініс-шарабарысында 1211 әкімшілікқұқықбұзушылықанықталып, 29 автокөлікарнайыавтотұраққажеткізіліп, қамалған.

Сондай-ақ, ауданаумағындағыжолдарменжолқұрылыстарынтексерубойынша 10 тексерулержасалып, Төлебиауданыныңжолдарынжөндеукезіндежіберілгенкемшіліктеріүшін «Ақмешіт» ЖШС-ніңучаскебасшысынаҚРӘҚБтК-нің 631 бабыменәкімшілікхаттаматүзіліп, айыппұлсалынды.

Төлебиауданныңаумағындаорнатылған 49 бейнекамераныңкөмегімен «Қауіпсізжол» жеделпрофилактикалықіс-шарасыкезінде 336 әкімшілікқұқықбұзушылықанықталған.

АудантұрғындарынЖолкөлікоқиғаларыныңалдыналужәнеазаматтардыңқауіпсіздігінсақтаумақсатында, заңбұзушылықтарғажолбермеугешақырамыз!

 

Созақ: Рейдтік шара жүруде

ҚұрметтіСозақауданыныңтұрғындарыменқонақтары! ҚазақстанРеспубликасыІІМ-ніңнұсқаулығынасәйкес, ауданаумағындаазаматтардыңполицияқызметкерлерінедегенсенімдерінарттыруғажәнежол-көлікоқиғаларыныңалдыналуғабағытталғанқұқықтықтүсіндіружұмыстарынхалықарасындакеңіненнасихаттаумақсатында, ағымдағыжылытамызайының 19-21 күндеріаралығындажолжүрісіқауіпсіздігінқамтамасызетугебағытталғанрейдтікіс-шараларыжүргізілудесоныменқатаржолжүруқағидаларынқатаңсақтауға, масаңкүйдекөлікқұралынбасқармауға, қарсыбағытқашықпауларыңызды, бағдаршамныңқызылтүсінеөтпеулеріңізді, жылдамдықтыасырмауғажәнет.б. жолжүрісережелерінбұзбауларыңыздысұранамыз.

ТӨЛЕБИДЕ ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

 

ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің және кереағар діни ағымдардың алдын алу мақсатында мәдениет саласы, халықты жұмыспен қамту орталығы, пробация және аудандық "Жастар ресурстық орталығының" қызметкерлері арасында Түркістан облысы Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығының арнайы маманы, дінтанушы, теолог А.тағай семинар-тренинг өткізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Маман өз баяндамасында, бүгінгі жағадайда бүкіл әлемде адамзаттың бнйбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатер болса, солардың қатарында діни экстремизм мен терроризм тұрғанын айтты.   «Осы тұрғыда мемлекет деңгейінде заңдылықтарды жетілдіру және күшейту қолға алынған, ал жергілікті жерлерде нақты атқарылар жұмыстардың нәтижелілігі артуда. Дін саласы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде үйлестіріліп, жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан халықты, ең алдымен, өскелең ұрпақ – жастарды қорғау міндеті тұр. Осы мақсатта қала көлемінде дін саласы бойынша халық арасында, яғни елдімекен тұрғындары, мекеме қызметкерлері, оқу орындарының жастары мен мектеп оқушылары арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,-деді ол.  Жалпы халықтың діни сауаттылығын арттыруда, діни экстремизм мен терроризмге, теріс пиғылды діни ағымдардың үгіт-насихатына қарсы иммунитетін қалыптастыруда ел ішінде жүргізіліп жатқан кең көлемді ақпараттық насихаттық және түсіндіру жұмыстарының қатарында бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Сондай-ақ, жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау, жастардың діни иммунитетін көтеру мақсатында орталық тарапынан Haqjoly.kz діни ақпараттық порталы ашылып, жұмыс істеуде. Аталған сайт «Зайырлы мемлекет», «Дін және жастар», «Дін және қоғам», «Теріс ағым», «Дәстүрлі дін», «Бейнероликтер», «Жаңалықтар», «Мақалалар» айдарларымен қамтылған. Жыл басынан бастап сайтта 38 мақала, 36 жаңалық, 26 бейнеролик жарияланды.

 

 

Полицейлер қоймадан генератор жымқырған күдіктіні анықтады

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оның қоймасына ұры түскен. Яғни, құрылыс заттары тұратын қойманың есігін белгісіз біреу бұзып ашып, қойма ішінде тұрған шөп турайтын генераторын жымқырып кеткен. Шығын көлемі 300 000 теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында, тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Нәтижесінде күдікті ер адам тәулік ішінде анықталды. Тексеру кезінде күдікті ұрлап алған құрылғыны 50 мың теңгеге бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жібергені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, үйге, сауда орындарына, қоймаларға, ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнату қажеттігін ескертеді.

Сайрам: Жәрдемақы алып беремін деп ...

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғындар арызданды. Олардың айтуынша, танысы «кәсіп бастау үшін мемлекеттен берілетін 580 000 теңге жәрдемақы алып беремін» - деп әбден сеніміне кірген. Осылайша, бірінші жәбірленуші әйелден 70 000 теңге, екіншісінен 140 000 теңге, үшінші әйелден 70 000 теңге ақша алған. Алайда, 1 жылдан аса уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай, созбалаңдыққа салып жүрген. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 280 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабар алған бойда жедел іске кірісті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті жұмыстардың барлығын жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде орта жастағы әйел анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленушілер өздерінің ортақ таныстары арқылы танысқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыс полицейлері тұрғындарға алаяқтықтың алдын алу үшін кез-келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Сондай-ақ күмәнді қызмет ұсынатындардан бойыңызды аулақ ұстауды ескертеді.