Түркістан облысының әкімі Азия чемпиондарын қабылдады
Түркістан облысының спортшылары өткен айда өте жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Түркістан облысының спортшылары өткен айда өте жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Түркістан облысында тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жүк тасымалдайтын дрондарды өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін.
Сауран ауданында ауылшаруашылығы саласында 2025 жылдың басынан бері 6,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 102 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта өңірде биыл құны 16,4 млрд теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жайында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 29 мектептің (22 900 орындық) құрылысы жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда өңірде жүзеге асыру жоспарланған 7263 іс-шараның 2614-і өткізілді. Жалпы 458657 тұрғын белсенділік танытып, өз қалалары мен ауылдарын тазартуға үлес қосты. Бұл жұмыстарға 2980 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 509 мың көшет отырғызылып, 9143 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.
Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды. Лагерьлер бірінші ауысымға оқушыларды қабылдап үлгерді. Алғашқы онкүндікте “Болашақ”, “Тау шыңы”, “Үркер” жазғы сауықтыру лагерлерінде мыңнан астам бала бірінші ауысымға қабылданып, сауықтырылуда.
ҚР ІІМ делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Түркістан қаласында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес отырысын өткізді.
Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған нысандарды аралап, құрылыс барысымен танысты.
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанда құрылысы жүріп жатқан нысандардың жай-күйіне кезекті рет шолу жасап, жауапты басшылардың есептері мен ұсыныстарын тыңдады.
Бүгін Созақ ауданы Жартытөбе ауылында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылды. Ауыл орталығындағы «Астана» саябағы мерекеге орай сән-салтанатпен безендіріліп, шараға 1000-ға жуық балдырғандар мен ата-аналар белсене қатысты.