Super User

Super User

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 324 ПӘТЕРГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

"Отбасы банк" АҚ "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады.

"Таза" әрлеуде 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 200 000 теңге,

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 324

Тұрғын үй түрі 1-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 49,35 ш. м.;

Тұрғын үй түрі 2-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 66,07 ш. м.;

Тұрғын үй түрі 3-бөлмелі: 108- пәтер, максималды ауданы 82 ш. м.;

Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 18.08.2023 жыл. бастап 11.09.2023 жыл.

Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 12.09.2023 жыл.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады

Өтініштер менің кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша ғана қабылданады:

1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар;

2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

3) жетім балалар, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) толық емес отбасылар (2022 жылдың негізгі тізімінен "Бақытты отбасы" бағыты бойынша қатысушылар).

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ЖИЫН - ТЕРІМ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқаны және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері пысықталды.

Шымкент аумағында бүгінде ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 56,6 мың га құрайды. Биыл егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, әртараптандырудың нәтижесінде дәнді-дақылдар – 11,4 мың га, майлы дақылдар – 3,6 мың га, мал азықтық дақылдар – 8,9 мың га, картоп – 0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары – 3,1 мың га алқапқа егілді. Егістіктен 87,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін дихандарға 44,3 тонна жанар-жағармай жеңілдетелген бағамен – 245 теңгеден босатылады.

Бүгінде қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалпы, республика бойынша 593 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 64,4 пайызы жөнделген. Жұмыстар 50-ден 75% дейін орындалған өңірлер арасында Шымкент қаласы бар. Мегаполисте қолданыстағы жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды.

№1 қазандықтың жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Бөлек орналасқан 23 жылу қазандығынан бүгінде 19-ы қысқы маусымға дайын, қалған қазандықтар бойынша әзірліктер 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады. Сондай-ақ қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйелерінің дайындығын күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Премьер-Министр жергілікті әкімдерге тиісті министрлікпен тығыз байланысып, егістіктердегі шараларды уақтылы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіріп, дайындықтарды күшейтуді ескертті.

Жалпы, қаланың қысқа дайындық жұмыстарының барысы, күзгі жиын-терімге қатысты шаралардың барлығы да М.Дүйсенбекұлының тікелей бақылауында. Бұл ретте апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

ШЫМКЕНТ: "ШАҢЫРАҚ" ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 22 ТАМЫЗДАН БАСТАП ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" ипотекалық бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023 жылдан бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023 ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі.

«Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз өткізіледі.

Нысандар «Шымкент қаласы,"Тұран" шағын ауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.

Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.

Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..

Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

????Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда шымкенттіктер Отбасы банкі арқылы «Qamqor» бағдарламасына, «Бақытты отбасы» бағдарламасына да өтінім жолдай алады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарламалар аясында қала тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жыл соңына дейін 324 арендалық пәтер түрлі санаттағы азаматтарға, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға, 1919 пәтер несиелік негізде беру жоспарланған. Оның ішінде жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы баспаналы болды. Яғни, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасымен, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасымен берілді.

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДА 4 НЫСАННЫҢ ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТЫ ОҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН АЛДЫ

Шымкентте жылдан жылға халық саны көбеюінен шағынаудандар аумағынан жаңақұрылыс аумақтары ашылып, ол жерге инжинерлік-инфрақұрылым жүйесін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта 2022-2023 жылдарға арналған жоспар түзіліп, қазіргі таңда 9 нысанға жобалау-сметалық құжат әзірленуде.

Өткен жылы қала бюджетінен 58 млн қаржы бөлініп, оған бір нысанда, яғни, Сайрам шағынауданында үш кезек негізінде ауыз су тарту құрылысы жүргізілді. Биылғы жыл үшін 7 нысан, атап айтқанда Құрсайдың жаңақұрылыс аумағына электр мен газ, Гидрогеолог шағынауданына ауыз су, электр және табиғи газ, Жұлдыз бен Жалын елді мекені , Қаратөбе, Қарабастау, Еламан және Тәуелсіздікке 20 жыл шағынаудандарының жаңақұрылыс аумақтарына табиғи газ құрылысына 191,5 млн теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде.

–«Қызылсу» 220/110/10 кВ электр тарату станция құрылысын аяқтауға тағы 131,3 млн теңге қаржы керек. Сондай-ақ, өткен 2022 жылы қала әкімінің елді мекендерді аралап, халықпен кездесу барысында берілген тапсырмасына сәйкес, инжинерлік жүйе тартылмаған 6 нысанға жобалу құжат әзірлену үстінде. Оның ішінде 4 нысан – Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарықтың жаңақұрылысының жобасы аяқталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған Ақжайық пен Таскеннің жаңақұрылысының жобасы жыл соңына дейін аяқталады, – деді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, шағын ауданның негізгі бөлігі бола ма, жаңа құрылыс аумағы бола ма, барлығына да кезең кезеңімен инфрақұрылым желілері жеткізіледі. Бұл мәселеде ешкім елеусіз қалмайды.

Осы ретте айта кетейік, Шымкенттегі барлық шағынаудандар 100 пайыз мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен қамтылған.

Осы RSS каналға жазылу