Super User

Super User

ЖАСТАРДЫ САЛАМАТТЫЛЫҚҚА БАУЛЫҒАН “SHYMKENT FEST” МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Бүгін Абай саябағында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында алғаш рет өткен «Shymkent fest» жобасының жабылу салтанаты өтті.

Екі ай мерзімге созылған фестиваль 14 бағытта, 12 мен 35 жас арасында, «Хиты всех времен», «Tik-tok vs нағыз бишілер» би батл, Street workout-тан жастар арасында қалалық жарыс және мастер-класс, «Shym youth life» скейт және граффити шоу, «NOSTALGIA GAME» балалық шағымның ойындары фестивалі, «Modern» заманауи жастардың мүмкіндіктері тақырыбында арнайы сурет салу байқауы, үстел теннисінен, «Brain blitz» интеллектуалды сайысы және «Sky movie» кино көрсетілімі, ән-би жарыстары өтті.

«Shymkent fest» жобасы - жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және саламатты өмір салтын ұстануға баулуға бағытталған бірегей жоба.

Аталмыш жобаның жабылу салтанатына Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, фестивальға атсалысып, белсенділік танытқан жастарға алғысын айтып, қала жастарын «12 тамыз — Халықаралық жастар күнімен» құттықтады.

Сонымен қатар, фестивальге белсене қатысып, жеңіске жеткен жастар марапатталды. Кеш ән, биге жалғасты.

Тілге тиек етейік, Шымқалада жастарды қолдау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, Шымкент жастарына бизнес жүргізу үшін 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кредиттер 5 жылға 2,5% - бен беріледі. Несие алудың міндетті шарты-кепілдік мүлік. Қазіргі уақытта жас кәсіпкерлерден 60 өтінім берілді. Олардың 20% - ы комиссияның қарауына ұсынылды. Бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін конкурстық негізде микрокредиттер беріледі. Атап айтқанда, 21 мен 35 жас аралығындағы жастар. Микрокредитті кез келген мақсатта 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына-7 жылға дейін алуға болады. Сондай-ақ, кредиттік бағдарлама шеңберінде 1,5 жылға арналған кредиттік каникул көзделген. Көрсетілген мерзім ішінде Қарыз алушы кредит бойынша төлемдерді төлеуден босатылуы және өз қызметін жандандыру мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.

 

ШЫМКЕНТТІҢ БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ: АЛҒАШҚЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NEET санатындағы жастар санын жылына кем дегенде 1%-ға азайту және 2021 жылы 6%-ға дейін төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдауды міндеттеген болатын. Яғни жастарды жұмыспен қамтып, білім беру жобаларына тартуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауды тапсырған еді.

Осыған орай, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен Шымкентте алғаш рет “Базар жастар лигасы” бастау алды.

Бүгінде Жастар ресурстық орталығының бастамасымен базар жастарын қолдау мақсатында “Базар жастар ұйымы” құрылған болатын. Қазіргі таңда 9 базарда жастарды қолдау ұйымдары жастармен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.

8 тамызда бастау алған турнирдің бірінші кезеңі аяқталып, ұлдар арасындағы кіші футбол мәресіне жетті. Мұндай жарыстар, жастарға салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Футбол ойынына қатысушылар арнайы тағайындалған бас төрешінің бақылауымен жеребе тарту арқылы командаларға бөлініп, жарысқа түсті.

Бас төрешінің бекіткен топтық ойын кестесіне сәйкес 16 команда кезең-кезеңімен ойнап, 1/4 кезеңіне 8 команда (Север сауда орталығы, Технодом, Айна, Барыс, Авто-НҰР, Көне қала, Акбар және Жібек жолы базары ) жолдама алды.

Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханұлы арнайы қатысып, барша жастарды 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен және турнирде жеңіске жеткен командаларды құттықтады.

Ұлдар арасында өткен кіші футбол ойынының жүлделі I-орын, II-орын және III-орын иегерлерін және "Үздік шабуылшы", "Үздік қорғушы" және "Үздік қақпашы" номинация иегерлеріне «Базар жастар лигасы» кубогы табысталды.

Сонымен қатар, жеңімпаз командаларға дипломдар мен арнайы сертификаттар берілді.

Турнир нәтижесінде:

• I - орын – «Акбар» базар командасы(10-планшет)

• II - орын – «Көне қала» базаоы командасы(10-смартфон)

• III - орын – «Барыс» базар командасы (10-велосипед)

Турнирдің екінші кезеңі 14 тамыз күні қыздар арасында волейболдан өтетін болады.

"ДАЛА СЕМИНАРЫ" МЕГАПОЛИС АГРОСЕКТОРЫН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Бүгін Алтынтөбе тұрғын алабында өткен "Дала күні" көшпелі семинарында ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері саланы дамыту бағытында пікір алмасты.

Агросектордағы озық тәжірибелер талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері қарастырылған басқосуда үй іргелік жерлерді бақшаға пайдалану әдісі, сол арқылы халықтың табысын арттыру тетіктері пысықталды. Сондай-ақ аграрлар озық технологиялармен көкөніс дақылдарын өндіру, биогумустан тыңайтқыш дайындау технологиясы, тамшылатып суғару әдістеріне қатысты кластерлі жобалар тақырыбында пікір алмасты.

Бүгінде мегаполисте Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 91 кластерлі жобаның тізімі бекітіліп, 62 жоба іске асырылды. Құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс өсіру, мал бордақылау, бал ара шаруашылығы, балық шаруашылығы бағытындағы жобалар қазірден тиімділігін көрсетуде.

«Бүгінде қаламызда "Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Ұлттық жобасы» аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатындағы кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын егістік алқаптардан жиналатын өнім көлемі де артып келеді. Кешенді шаралар қала тұрғындарының тұрмысын жақсартып, сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік беруде. Бүгінгі семинар алдағы уақытта мегаполис агросекторының дамуына жол ашып, тың жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деп сенемін" - деді М.Дүйсенбекұлы.

Ауылшаруашылығы өкілдері семинар барысында озық идеялары мен тың технологияға негізделген үздік жобаларымен бөлісті. Аграрлардың бүгінгі басқосуы саланың жетістіктері мен өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берген еркін диалог алаңына айналды.

 

ПАТРИОТТЫҚ ПОЙЫЗҒА ШЫМКЕНТТІКТЕР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

 «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған елге саяхат» жобасы 2023 жылдың 30 шілдесі елордада өз мәресіне жетті. 600 бала қатысқан саяхат пойызы үш кезеңнің қорытындысында 15000 км жуық жолды жүріп өтіп, Байқоңыр, Бурабай, Түркістан, Алматы, Алакөл, Астана және Ақтау секілді өңірлерді қамтыды.

Қор өкілдері жобаның үшінші кезеңіндегі 200 баламен жүздесті. Өз кезегінде, бұл күні әсерлі сапардан оралған жас саяхатшылар туған елінің барлық сұлу қырына, оның тарихына бойлап, қанығуға, достар табуға және жаңа білім алуға берілген мүмкіндік үшін шын жүректен алғыстарын жеткізді.

Саяхатқа Маңғыстау (50), Астана және Ақмола (78), Солтүстік Қазақстан (10), Қостанай (32), Павлодар (34), Қарағанды (18), Ұлытау (12), Абай (10), Шығыс Қазақстан (21), Алматы (71), Жетісу (13), Жамбыл (23), Қызылорда (57), Атырау (43), Шымкент (81), Батыс Қазақстан (10) және Ақтөбе (37) облыстары мен қалаларынан «Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан жобаның бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева өзінің құттықтау сөзінде қайырымдылық операторының қызметінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде балаларды қолдауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Туристік пойыздың үш кезеңінің әрқайсында 18 маман (педагог, психолог, аниматор, медицина қызметкері және тағы басқа) жұмысқа тартылды.

«Біз жолда да, барлық аялдаған қалаларымызда да өте жақсы уақыт өткіздік - бәрі керемет! Пойызда күнде үйірмелерде жаңа нәрсе біліп, тәлімгерлермен ойын ойнадық, ағылшын тілін меңгердік, домбыра тарттық. Ал өңірлерде бізді қызықты саяхаттар мен ойын-сауық күтіп тұрды! Бұл менің өмірімдегі ең жақсы каникул болды!», - деп бөлісті ойымен Шымкент қаласынан Оразхан Мұратбек.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылықтың бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен және Әлеуметтік жобалар қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Осы RSS каналға жазылу