Super User

Super User

"ДАЛА СЕМИНАРЫ" МЕГАПОЛИС АГРОСЕКТОРЫН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Бүгін Алтынтөбе тұрғын алабында өткен "Дала күні" көшпелі семинарында ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері саланы дамыту бағытында пікір алмасты.

Агросектордағы озық тәжірибелер талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері қарастырылған басқосуда үй іргелік жерлерді бақшаға пайдалану әдісі, сол арқылы халықтың табысын арттыру тетіктері пысықталды. Сондай-ақ аграрлар озық технологиялармен көкөніс дақылдарын өндіру, биогумустан тыңайтқыш дайындау технологиясы, тамшылатып суғару әдістеріне қатысты кластерлі жобалар тақырыбында пікір алмасты.

Бүгінде мегаполисте Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 91 кластерлі жобаның тізімі бекітіліп, 62 жоба іске асырылды. Құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс өсіру, мал бордақылау, бал ара шаруашылығы, балық шаруашылығы бағытындағы жобалар қазірден тиімділігін көрсетуде.

«Бүгінде қаламызда "Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Ұлттық жобасы» аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатындағы кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын егістік алқаптардан жиналатын өнім көлемі де артып келеді. Кешенді шаралар қала тұрғындарының тұрмысын жақсартып, сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік беруде. Бүгінгі семинар алдағы уақытта мегаполис агросекторының дамуына жол ашып, тың жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деп сенемін" - деді М.Дүйсенбекұлы.

Ауылшаруашылығы өкілдері семинар барысында озық идеялары мен тың технологияға негізделген үздік жобаларымен бөлісті. Аграрлардың бүгінгі басқосуы саланың жетістіктері мен өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берген еркін диалог алаңына айналды.

 

ПАТРИОТТЫҚ ПОЙЫЗҒА ШЫМКЕНТТІКТЕР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

 «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған елге саяхат» жобасы 2023 жылдың 30 шілдесі елордада өз мәресіне жетті. 600 бала қатысқан саяхат пойызы үш кезеңнің қорытындысында 15000 км жуық жолды жүріп өтіп, Байқоңыр, Бурабай, Түркістан, Алматы, Алакөл, Астана және Ақтау секілді өңірлерді қамтыды.

Қор өкілдері жобаның үшінші кезеңіндегі 200 баламен жүздесті. Өз кезегінде, бұл күні әсерлі сапардан оралған жас саяхатшылар туған елінің барлық сұлу қырына, оның тарихына бойлап, қанығуға, достар табуға және жаңа білім алуға берілген мүмкіндік үшін шын жүректен алғыстарын жеткізді.

Саяхатқа Маңғыстау (50), Астана және Ақмола (78), Солтүстік Қазақстан (10), Қостанай (32), Павлодар (34), Қарағанды (18), Ұлытау (12), Абай (10), Шығыс Қазақстан (21), Алматы (71), Жетісу (13), Жамбыл (23), Қызылорда (57), Атырау (43), Шымкент (81), Батыс Қазақстан (10) және Ақтөбе (37) облыстары мен қалаларынан «Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан жобаның бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева өзінің құттықтау сөзінде қайырымдылық операторының қызметінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде балаларды қолдауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Туристік пойыздың үш кезеңінің әрқайсында 18 маман (педагог, психолог, аниматор, медицина қызметкері және тағы басқа) жұмысқа тартылды.

«Біз жолда да, барлық аялдаған қалаларымызда да өте жақсы уақыт өткіздік - бәрі керемет! Пойызда күнде үйірмелерде жаңа нәрсе біліп, тәлімгерлермен ойын ойнадық, ағылшын тілін меңгердік, домбыра тарттық. Ал өңірлерде бізді қызықты саяхаттар мен ойын-сауық күтіп тұрды! Бұл менің өмірімдегі ең жақсы каникул болды!», - деп бөлісті ойымен Шымкент қаласынан Оразхан Мұратбек.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылықтың бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен және Әлеуметтік жобалар қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЛІГІНЕ 50 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР СУ АЙДАЙТЫН ҚОСЫМША КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мегаполистегі кәріз жүйесінің өзекті мәселелерін 2025 жылға дейін шешу мақсатында қазіргі тазарту имаратының жанынан қосымша кешен құрылысы салынуда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі осылай xабарлайды.

 Бүгін Мұрат Дүйсенбекұлы аталған құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын қадағалады. Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше метр ағын су тазарту имараты жұмыс істеп тұр. Көктем мен күз айларында кәріз тазарту имараттына тәулігіне 160-170 мың текше метр қар мен жаңбырдан қалған ағынды сулар келіп қосылады. Сондықтан тазаарту имараты жанынан салынып жатқан қосымша нысан тәулігіне 50 мың м3 ағын суды өткізе алады. Тағы бір айта кетерлігі, бас жоспарға сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатқандықтан, кәріз жүйесін тұтынушылар санының күннен күнге артуы. Қазіргі уақатта «Шым Сити» және Тұран шағын ауданында тұрғындардың жалпы саны сексен мыңды құрайды. 2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Оңтүстік шағын ауданы, Қаратөбе тұрғын алабынан барлығы 41 мың жеке үйлер қосылады. Бұл елді мекендерде кәріз жүйесіне қосылатын тұрғындар 264 мыңнан асады. Осыған орай Еуропалық Даму және қайта құру Банкінің «Жасыл қала» бағдарламасы аясында кәріз тазарту имаратының қосымша ғимарат салу жоба құны – 3,5 млрд. теңгені құрайды. Жобаны ЕҚҚДБ қаржыландырады, қолдау қаражаттары 1,75 млрд. теңге мөлшерінде, ал мемлекеттік қолдау 1,75 млрд. теңге. Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіліп, 2024 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 133 МЕКТЕБІНЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ӨЛШЕМШАРТТАР БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.А.Шәмшиева және Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж.А.Тәжиева БАҚ өкілдеріне «Мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету», «2023-2024 оқу жылына дайындық» және «Оқушылардың жазғы демалысы» тақырыптары бойынша брифинг берді.

Брифинг барысында Нұргүл Ақылбекқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсенбаевтың тапсырмасы бойынша Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің және «Өрлеу» КЕАҚ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 10-24 шілде аралығында қаладағы 138 мектептің 2023-2024 жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілгендігі туралы айтты.

«Мониторинг оқу ғимараттарының жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайы, интернет жылдамдығы, бейнебақылау жүйесінің жағдайы, күзет және қауіпсіздікті қамтамасыз етілуі, асханаларының, спорт залдарының, кітапханаларының, турникеттерінің, дабыл түймелерінің бар болуы және жылдам басқару орталығына (ЦОУ) қосылуы сияқты өлшемшарттар бойынша жүргізілді.

Жүргізілген мониторингтің 2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 133 мектепте жөндеу жұмыстары толық аяқталғаны анықталды. Барлық мектептерде бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері бар және олар полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.

Қазіргі таңда №№ 66, 78, 93 мектептер жалпы күрделі жөндеуден, ал, №54 мектептің спорт залы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Оның ішінде, №66 мектепте келісім-шартқа сәйкес күрделі жөндеу жұмыстарын үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін бітіру жоспарланған. Оқу-тәрбие процесінің уақытылы басталуы үшін білім алушылар уақытша жақын орналасқан №48 және №86 мектептерде білім алатын болады. Өз кезегінде мердігер ұйымдар жөндеуді белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауға дайын екендіктерін жеткізді.

Сонымен бірге монитроринг барысында бірқатар мәселелер анықталды. Атап айтқанда, 4 мектепте асхана мәселесі, 5 мектепте арнайы спорт зал мәселесі және 5 мектепте интернактивті тақталардың істен шығуы анықталған.

№ 108 мектепте мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргілген байқауда жеңімпаз болып танылған компанияның өз міндеттерін орындамауы себепті, мектеп әкімшілігі 2023 жылғы 31 шілдеде компаниямен келісім-шартты бұзып, мемлекеттік сатып алу порталына 1 тамызда қайта байқау жариялаған.

Мектеп ауласында екі оқу корпусы орналасқан. Жылу жүйелері опрессовкадан өткен. Бір оқу ғимаратына бояу, тазалау жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізілген. Екінші оқу ғимаратын мемлекеттік сатып алу порталындағы байқау жұмыстары аяқталған соң жүргізу жоспарлануда»,- деген департамент басшысы.

Мониторинг қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің әкімшілігіне ата-аналармен, педагогикалық қоғамдастықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мердігердің жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауын тұрақты қадағалап отыру бойынша ұсыныстар берілді.

 

Осы RSS каналға жазылу