Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ “БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ” БАСТАЛДЫ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Базар жастар лигасы» турнирі басталды. Турнир – екі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең - ұлдар арасында футболдан, екінші кезең - қыздар арасында волейболдан жарыс өтеді.

Турнирдің мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау.

Базар жастар лигасына Шымкент қаласында орналасқан базарлар мен сауда орындарынан 200-ге жуық өтінім түсіп, ережеге сәйкес, 160 жастан тұратын 16 команда жасақталды. Атап айтқанда Барыс, Тұлпар, Авто-Нұр, Айна, Жібек жолы, Алаш, Акбар, Көне қала, Пионер, Орталық қырғы базарлары және Технодом, Evrika, Магнум, Мечта, Sulpak, Север сауда орталығы командаларынан құралған.

«Базар жастар лигасы» турниріне Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген 4 төреші алқасы тартылған.

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Мағжан Исахов турнирді ашылу рәсіміне қатысып, барша жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтап, турнирге қатысушы жастарға ыстық лебізін жеткізді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанушы жастардың жұмысына сәттілік тіледі.

Екі аптаға созылатын жарыстың ұлдар арасындағысы апта бойына жалғасып - 11 тамыз күні аяқталып, марапаттау рәсімі өтеді.

Турнир ережесі негізінде ұлдар арасында I-орын, II-орын және III-орын иегерлері анықталып, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы диплом мен жеңімпаз командаға кубок табысталды.

1 орын – 10 – планшет

2 орын – 10 – смартфон

3 орын – 10 – велосипед

Айта кетейік, турнирдің екінші кезеңі 14 тамыз күні қыздар арасында волейболдан өтетін болады.

 

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ШЫМКЕНТТІҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ 48 МЕКЕМЕГЕ АРТАДЫ

Шымкент қаласы білім басқарамсына қарасты жалпы білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында 48 мекемеге артып, жалпы саны 946-ны құрады. Оның ішінде, 30 бала бақша, 15 мектеп, 1 оқушылар сарайы және Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) пен Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) бар. Қаланың бас педагогы Ж.Тажиева осылай дейді.

Мемлекет басшысымен бекітілген іс-шаралар жоспарында білім саласына қатысты 20 тапсырма беріліп, жалпы 3 бағдарламада 52 көрсеткіш белгіленген.

2025 жылға дейін жалпы 68 675 орындық 54 мектеп салынады деп жоспарлануда. Оның ішінде, 2023 жылы 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 3 мектеп мәселесі 2023 жылдың 1 қыркүйегіне толығымен шешіледі.

Бала саны тығыз орналасқан 11 тұрғын алаб үшін 21 мектеп, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 25 мектеп, қосымша құрылыстар есебінен 29 мектеп, жеке инвесторлар есебінен 26 мектеп.

Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал ыңғайластырылған ғимарат, жаңадан ашылған шағын аудандардың мектеп мәселесі және сынып толымдылығы жоғары (дефицит) мектептер мәселесін 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.

2023 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 1 767,4 млн. тг. қаржы қаралып, жалпы 141 кабинет және 299 дана жабдықталған интерактивті панель орнатуға мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізілуде.

Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі 72%-дан 85% артатын болады. Бүгінгі күні 60 кабинеттің құрал-жабдықтары білім беру мекемелеріне 100% жеткізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жоспарына сәйкес, цифрлық оқулықтарға да қаржы қаралған. Оның ішінде, қазақ тіліндегі көркем әдебиеттер үлесі 65%-ды құрайтын болады.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарына барлығында арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылып, олар Шымкент қаласының Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт түзілген.

Сонымен бірге монитроринг барысында бірқатар мәселелер анықталды. Атап айтқанда, 4 мектепте асхана мәселесі, 5 мектепте арнайы спорт зал мәселесі және 5 мектепте интернактивті тақталардың істен шығуы анықталған.

№ 108 мектепте мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргілген байқауда жеңімпаз болып танылған компанияның өз міндеттерін орындамауы себепті, мектеп әкімшілігі 2023 жылғы 31 шілдеде компаниямен келісім-шартты бұзып, мемлекеттік сатып алу порталына 1 тамызда қайта байқау жариялаған.

Мектеп ауласында екі оқу корпусы орналасқан. Жылу жүйелері опрессовкадан өткен. Бір оқу ғимаратына бояу, тазалау жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізілген. Екінші оқу ғимаратын мемлекеттік сатып алу порталындағы байқау жұмыстары аяқталған соң жүргізу жоспарлануда»,- деген департамент басшысы.

Мониторинг қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің әкімшілігіне ата-аналармен, педагогикалық қоғамдастықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мердігердің жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауын тұрақты қадағалап отыру бойынша ұсыныстар берілді.

 

 

ШЫМКЕНТТЕ 237 ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖҮРГІЗДІ

2023 жылдың жаз айларында 237 жазғы сауықтыру лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жүргізді. Оның 12-сі қала сыртында болса, 225-і мектеп жанындағы лагерлер. Жазғы лагерлерде демалумен 197 651оқушыны қамту жоспарланған, бұл барлық оқушылардың 97,1 пайызын құрайды. Қала бюджеті есебінен 308,5 млн. теңге қаралып, әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан 7 241 балаға қала сыртындағы лагерлерге жолдама берілді. Сонымен қатар 9 474 баланы демеушілер есебінен лагерлерде демалды.Қаланың бас педагогының берген мәліметі осындай. Бұдан бөлек  Ж.Тажиева 2023 жылы Ұлттық жоспарға сәйкес 2-6 жас аралығында қамту жоспары – 82,8%, 3-6 жас – 100% қамтуды орындау жоспарланғанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандығы қаржыландыру нормативіне сәйкес, 2023 жылға әр балаға 45 603 теңге болып белгіленіп, 39 млрд. 748 млн. тг. қаржы қаралыпты.  Бүгінгі таңда қаладағы 587 балабақшада 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 84 677 баланың– 91%-ы (76 859 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 59 954 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 78 388 баланың 93% (72 863 бала) қамтылған.  2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қосымша 2 945 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жергілікті бюджет есебінен 2 845 орындық 30 балабақша ашылады. 1-6 жас аралығындағы әлеуметтік осал тобына кіретін жанұядағы бала саны – 17 231, оның ішінде балабақшаға баратыны - 8 155. Тегін ыстық тамақпен жек. балабақшаларда – 1 981 (24,3%) қамтылған.  Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап балабақшалардағы әлеуметтік осал тобына кіретін жанұядағы балаларды ыстық тамақпен қамту үлесін 30% көтеру үшін жергілікті бюджеттен 141,0 млн.тг. қаржы қаралған.

 

ШЫМКЕНТТЕ СУ ЖИНАЛУ ҚАУПІ БАР 58 ОРЫН АНЫҚТАЛДЫ

 

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды.

Үкімет басшысы биылғы көктем оңай болмағанын, сондықтан су басу қаупінің алдын алу үшін екі апта ішінде халықты су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды және тасқынға дайындық барысын бақылау қажеттігін атап өтті.

«Көктемге дейін әлі уақыт бар. Бірақ, біз қыс басталмай жатып барлық шараларды пысықтап қоюымыз керек. Апат айтып келмейді, сондықтан оны болдырмау үшін аянып қалмауымыз керек»,  деді Ә.Смайылов.

Шымкент қаласына келсек, 2023 жылдың көктем айларындағы жауын-шашын мезгілінде жалпы қала аумағынан су жиналу қаупі бар 58 орын анықталып, қазір 24 орынға ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы 339 шақырымды құрайтын 2 өзен мен 34 каналдың жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, арналар қоқыстан тазартылуда.

Алдағы уақытта қалған су басу қаупі бар көшелер мен аумақтар да арнайы техникалармен жабдықталып, тұрғындардың қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау жалғасатын болады.

Сондай-ақ, «Ақжар» су қоймасының күрделі жөндеу жұмыстарына биыл жобалық сметалық құжат әзірленіп, 2024 жылы құрылыс жұмыстары атқарылады деп күтілуде.

«2021-2023 жылдардағы су тасқынына қарсы іс-шаралар» жол картасы бойынша қала аумағындағы су шаю қаупі бар 6 елді мекен: Жыланбұзған, Маятас, Тоғыс, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан ағып өтетін «Бадам» өзенінің арнасын бекіту және нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Тілге тиек етейік, Щымкентте жалпы ұзындығы 5,3 км құрайтын арықтар 14 жерде орнатылды. 31 нүктеде суару жүйелері 2023-2025 жылдар аралығында орнатылады деп күтілуде.

Осы RSS каналға жазылу