Super User

Super User

ШЫМКЕНТ: ЕСІРТІГЕ ҚАТЫСТЫ АНЫҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС САНЫ ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 20%-ҒА АРТТЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Досанов Жандос Есенжанұлы және Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары Сакенов Сабыржан Жарылқасынұлының қатысуымен қаладағы есірткі қылмыстарының алдын алу және онымен күресу төңірегінде өткен баспасөз брифингте мәлім болды.

«Шымкентте есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2023 жылдың 7 айында қаламызда есірткіге қатысты жалпы 330 қылмыс анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Атап айтқанда биыл есірткіні өткізу мақсатын көздемей заңсыз сақтаудың және тасымалдаудың – 250 фактісі (ҚК-тің 296-бабы), есірткіні сатудың – 54 фактісі (ҚК-тің 297-бабы), есірткіні жарнамалаудың – 1 фактісі (ҚК-тің 299-1-бабы), есірткіні заңсыз өсірудің – 25 фактісі (ҚК-тің 300-бабы) анықталды. Есірткі қылмыстарының анықталуының жоғарылағаны, осы санаттағы істердің сотқа жолдану көрсеткішінің де артуына алып келді. Ал есірткімен байланысты 259 іс сотқа жолданып өткен жылға қарағанда 17%-ға өсіп отыр», - деді Жандос Досанов.

Есірткіні кәсіп көзіне айналдырып, қылмыстық қудалау органдарымен ұсталған адамдардың арасында осы жылдың 7 айында қылмыстарды жасағаны үшін 4 кәмелетке толмаған бала ұсталса, бұрын сотты болған – 47 адам, ал пробациялық қадағалауда жүрген - 7 адам құрықталды.

Сонымен қатар алдын қылмыс жасамаған – 250 адам ұсталды. Бұрын сотты болмағандармен жасау өткен жылмен салыстырғанда жеті есеге артты. Оның ішінде 22 қылмыстық құқық бұзушылық жасаған әйелдер анықталды. Ал қалғандарды ер адамдар.

Есірткі қылмысын жасағандардың жас шамалары: 16-17 жас – 3, 18-20 – 23, 21-30 жас – 109, 30-39 жас – 102, 40-49 жас – 85, 50-59 – 26, 60-тан жоғары - 6.

Бұл сандық көрсеткіштер – есірткіні жастардың соңғы кездері кәсіп көзіне айналдырып жатқаның дәлелі болып отыр.

 

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС НӘТИЖЕСІНДЕ 200 КИЛОГРАМНАН АСТАМ ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫ ЗАТ ТӘРКІЛЕНДІ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Досанов Жандос Есенжанұлы және Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары Сакенов Сабыржан Жарылқасынұлының қатысуымен қаладағы есірткі қылмыстарының алдын алу және онымен күресу төңірегінде өткен баспасөз брифингте мәлім болды.

Шымкетте осы жылдың 7 айында есіркімен күрес жұмыстарының нәтижесінде заңсыз айналымнан 200 кг-нан астам есірткі және психотропты заттар мен 117 түп сора тәркіленді.

Қылмыстық қудалау органдардың негізгі күштері героин, марихуана, гашиштан бөлек, қазіргі таңда қарқынды таралып жатқан қоғамдағы ең өзекті және аса қауіп төндіретін синтетикалық есірткіні жеткізу, тарату және заңсыз дайындау арналарының жолын кесуге бағытталуда.

Биыл 140 кг-нан астам синтетикалық есірткі заңсыз айналымнан тәркіленіп, жойылды. Синтетикалық есіртікінің жасаушы заттар, яғни химиялық тұздар қол жетімдігі жоғары. Олар бірігіп дайындалмағанша ешқандай қылмысты құрамайды. Сондықтан елімізде оны өңдейтін зертханалар ашылуда. Биылға 1 синтетикалық ескірті заттарын өндеу зертханасы мен 1 сора өсімдіктерін өсіру үшін фитозертханасы анықталды.

Бұдан өзге, 2023 жылыдың 31-ші наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалалық департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала тұрғындарының топ болып, сөз байласып, Түркістан облысы, Түлкібас ауданында арнайы зертхананы жабдықтап, синтетикалық есірткіні өткізу мақсатында заңсыз дайындау фактінің жолын кесті. Бұл бойынша аса ауыр санаттына жататын іс тіркеліп, қазіргі таңда тергеп-тексеру жүргізілуде. сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін бастаған. Тергеу барысында анықталғаны 2 адам Түлкібас ауданында орналасқан үйді сатып алып, әр түрлі көлемдегі пластикалық құтыларға құйылған сұйықтықтарды, ақ түсті ұнтақ түріндегі шикізаттарды және әр түрлі формадағы көптеген шыны колбаларды алып, зертхананы ұйымдастырған. Тінту барысында 20 кг-нан астам есірткі тәркіленді. Одан бөлек, тергеу барысында олардың алдын ала синтетикалық есірткіні жасырған бірнеше орындарынан жалпы 11-кг-нан астам (11 339 грамм) есірткі қосымша тәркіленді.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Істің өндірісі қала прокуратурасының қатаң бақылауында.

ШЫМКЕНТ: СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗІДІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША 215 РЕТ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ

Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 215 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Оған 5245 адам қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.

Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылады. Нәтижесінде Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау 7 АЕК ) бойынша 12 тұлғаға 144 900 теңгеге айыппұл салынды, ал Полиция департаментінің тарапынан 364-бабы бойынша (ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) 12 тұлғаға ескерту берілген, 440-бабымен (қоғамдық орында алкогольдік ішімдікті ішу) 8 тұлғаға 77 625 теңге айыппұл салынған.

Сонымен қатар, Аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша 13 меморандум жасалып, 1500 нан аса баламен инструкция өткізілді.

Қала аумағында шомылу маусымының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Бұдан өзге, қала аумағындағы суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында шомылуға тыйым салынған белгілер қойылды.

Айта кетейік, су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Өңірдің климаттық жағдайына байланысты судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды түрде жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шараларға қарамастан жазатайым оқиғалар орын алуда.

Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Олар: Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орны, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам», Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар қала аумағында 18 бассейн мен аквасаябақтар шомылу маусымында жұмыс істеуде.

 

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН РЕЗЕҢКЕ ЖАБЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ

Шымкент қаласында шиналар және құрамында резеңке бар қалдықтарды кәдеге жаратып, қайта өңдейтін «ЭКО Шина» компаниясы еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. Кәсіпорын 2009 жылдың 1 қазанында тіркелген, негізгі қызметі пайдаланылған шиналарды жинау және өңдеу және резеңке бұйымдарын өндіру.

Өзінің шикізатын пайдалана отырып, «ЭКО Шина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі резеңке еден жабындарын шығарумен айналысады. Резеңке жабыны - заманауи құрылыста өз орнын берік алған және ашық және жабық спорттық және аулалық ойын алаңдары үшін ең қолайлы заманауи, ыңғайлы жабын.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан көмір брикеттерін өндіруге арналған құрал-жабдықтарды алуға жылына 21,75%-бен қаражат алды, ал оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді, ал қалған 8% кәсіпкер төлейді.

Қалдықтарды басқару саласында жұмыс істей отырып, кәсіпорын істен шыққан шиналарды жойып, аймақтың экологиялық қауіпсіздігі мәселесін шешеді, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану арқылы ресурстарды үнемдеу бағытын дамытады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасы аясында ағымдағы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын іске қосылды. Қазіргі таңда, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 8 кәсіпорынға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын қуаттылығы артып келеді.

 

Осы RSS каналға жазылу