Super User

Super User

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ 53 ҮЙІРМЕГЕ 2400 ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Шымкент қаласының Арғынбеков-Шаяхметов көшелерінің қиылысында орналасқан №2 оқушылар сарайында бүгін ашық есік күні өтті. Жаңадан ашылған оқушылар сарайы жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. Деп xабарлайды Шымкент қаласы әкмідігінің баспасөз қызметі.

Мұнда «Mindal.kz» порталына тіркелу әлі де жүріп жатыр және белгілі мерзімде тіркелу уақыты бітіп қалмайды, яғни жыл бойына өзіңіз таңдаған үйірмелерде бос орын шықса, кез келген сәтте тіркеліп, өтініш қалдыра аласыз. Осы кезге дейін №2 оқушылар сарайына Mindal.kz бірегей платформасы арқылы өтінім білдіргендердің саны 4 мыңнан асты. Бұл - күн сайын мыңнан астам өтініш келіп түсіп жатыр деген сөз.

Оқушылар спорт және сауықтыру бағытында 15 үйірме, гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында 5, өнер және музыкалық бағытта 14, психологиялық дайындық бағытында 3, көркем эстетикалық бағытта 5 үйірме бар. Үйірменің жалпы саны – 53.

Ал ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6. Физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника. lego құрылысы, химия үйірмелері жұмыс істеп тұр.

Гуманитарлық және жастар қозғалысы бағыты бойынша 5 үйірме, журналистика, шешендік өнер, (ораторлық өнер – қазақ және орыс тілдерінде), журналистика қазақ және орыс тілдерінде, ағылшын тілі (лингвистика), дебат клубы оқушылармен жұмысты бастап кетті.

Өнер және музыкалық бағыт бойынша домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, драма театр режиссері, скрипка, ал көркем-эстетикалық бағыт бойынша ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу, қыш өнері, қолөнер үйірмелері жұмыс істеп тұр.

«Қабілетін арттырғысы келетін әрбір оқушыға есік ашық!»дейді мұндағылар.

 

ШЫМКЕНТ: ТҰРАНДА ЖАҢА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында 950-ден астам білім ұясы бар. Онда білім алатын оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар тегін жұмыс істейді. Жуырда ғана ашылған жаңа Оқушылар сарайы шәкірттерді қабылдап, 6 бағыт бойынша үйірмелер жұмысын бастап кетті.

Жобаны салудағы мақсат - оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту.
Шаһарда оқушылардың саламатты өмір салтын ұстанып, білімі мен шығармашылығын шыңдайтын тағы бір Оқушылар сарайының құрылысы сәуірде басталған болатын. Жалпы сыйымдылығы 500 орынды құрайтын нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Ғимарат Тұран шағынауданында бой көтерді. Жаңа Оқушылар сарайы 3 қабаттан, 3 блоктан тұрады.Жаңа нысанның жобасында  асхана және  көлікке көлік тұрағы қарастырылған. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 10 пайызға жуықғы орындалды. Нысанның құрылысын 2024 жылы аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Естеріңізде болса, Шымкенттегі «Нұрсәт» шағынауданында да оқушылар сарайы салынып, ел игілігіне берілген болатын. Сарай сыйымдылығы 500 оқушыға лайықталған. 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істеп, 7-18 жас аралығындағы 2000 бала түрлі үйірмеге қатыса алады. Қосымша 81 көлікке арналған көлік тұрағы мен 35 адамдық асханасы да бар.

Спорт және сауықтыру бағыты: 1. Үлкен және кіші бассейн 2. Топтық сыныптар залы (харография) 3. Үстел теннисі залы4. Жекпе-жек залы (күрес)5. Жекпе-жек залы (бокс)6. Фитнес зал7. Үстел ойындары залы (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ);

Ғылыми-техникалық бағыты: 1. Практикалық физика кабинеті2. Практикалық химия кабинеті3. Биотехнология кабинеті4. Бағдарлама жасау кабинеті5. КИП и автоматика кабинеті6. Дизайн және 3D модельдеу кабинеті7. LEGO құрылысы кабинеті8. Әдістемелік кабинеті9. Ұшақты модельдеу кабинеті;

Гуманитарлық және жастар қозғалысы:1. Балалар қоғамдық ұйымы кабинеті2. Фото-бейне өңдеу студиясы3. Лингвистика кабинеті4. Медиа орталық5. Сөйлеуді дамыту кабинеті6. Сенсорлық бөлме7. Шешендік өнерді дамыту кабинеті8. Дебат клубы;

 

Көркемдік-эстетикалық және өлкетану бағытын:1. Сәндік-қолданбалы өнер кабинеті2. Балалар шығармашылығы кабинеті3. Дыбыс жазу студиясы4. Аспаптық студия (домбыра, гитара, скрипка)5. Вокал студиясы6. Бейнелеу өнері кабинеті7. Драматикалық театр үйірмесі8. Тарих-өлкетану кітапханасы9. Экология кабинеті10.Керамика және қыш үйірмесі қарастырылған.

ШЫМКЕНТТЕ 6 АЙДА 12 БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.

Компанияда тәуелсіз кәсіподақ кәсіпорын құрылғалы бері жұмыс істейді. Қызметкерлердің еңбек шарттарын, персоналға әлеуметтік қолдау көрсету, жастарға, көпбалалы отбасыларға, өндіріс ардагерлеріне әлеуметтік кепілдік ұсыну бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Алдымен төраға мекеменің мұражайын, орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты. Мекемеде 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Онда орташа айлық жалақы – 150 000 теңге. 927 қызметкер кәсіподақ мүшесі.

– Іссапарымыздың негізгі мақсаты – өңірде қалыптасқан әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу мәселесі. Яғни, жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайы, жалақыны көтеру мәселесі, еңбек қауіпсіздігі, мекеменің кәсіподақтармен бірлесіп, әлеуметтік әріптестікті арттыру, лайықты еңбек жағдайын қарастырудағы жұмыстарымен танысу. Қазіргі таңда кәсіподақтар ретінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесімен айналысып жатырмыз. Экономикалық жағдайларды ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру мәселесі назарымызда тұр. Бұл мекеме басшылығы ендігі ретте жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау керек. Талаптар-ұсыныстар хаттамасын зерделеп, бұл мәселені Үкіметтің алдында көтереміз, – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Серіктестіктің бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиевтың айтуынша, компания басшылығы жасалған ұжымдық келісімшарт аясында таңдалған әлеуметтік басымдықтарды ұстанып келеді. 2023 жылдың басында қызметкерлердің денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында спорт кешені ашылған. Мекеме заманауи корпоративтік саясатты жүргізуде әріптестік байланыстарды жақсарту, кадр жүйесінің кәсіптік деңгейін арттыру бойынша трнеингтер және шеберлік сабақтарын ұйымдастыруда.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің мәлімдеуінше, 2023 жылдың 6 айында қалада 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған 2043 адам тартылған. Ол мекемелердің жұмыс берушілері мен кәсіподақ ұйымдары арасында ұжымдық шарттар жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өтті.

ШЫМКЕНТ: АБАЙ КҮНІ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТУДЕ

Шымкентте Абай күні тойланды. Абайды ұлт болып ұлықтайтын ерекше мереке Абай саябағындағы хакімнің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Бұл мейрам – ұлы Абайдың есімі жүрекке жазылатын күн. Ақын жырларын тебірене оқып, әндерін әуелете салатын күн. Саябақта «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әуеледі. Махаббат пен тағылымға толы өлеңдер де оқылды. Саябаққа жиналған көпшілік Абай мұражайын аралады.

Айтулы мереке қарсаңында қала көлемінде біршама іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Соның бірі, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, Опера және балет театры бірлесе, қала тұрғындары арасында «Абай әлемі» байқауын өткізді.

Әлеуметтік желіде жарияланған байқауға 150-ге жуық адам қатысты. Қатысуға ниет еткен қала тұрғындары Абай өлеңін, не қара сөзін жатқа оқып, видео түсіріп, ұйымдастырушылардың парақшасына жіберіп отырған. Байқаудың шарты бойынша көп қаралым жинаған 20 қатысушы екінші кезеңге өтіп, айтулы жиында әділ-қазылар алдында өнерлерін көрсетті. Байқаудың ең кішкентай қатысушысы 6 жаста екен.

Ең көп қаралым 36000 болған. Іс-шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, көркем әдебиетті, поэзияны сүйіп оқитын қала тұрғындарын ынталандыру, қала тұрғындарының рухани танымын кеңейту, оқу дағдысын жетілдіре отырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапхана оқырмандарының санын арттыру болды.

– Халықты білім, еңбек, өнер жолына жетелеген ұлы Абайдың шығармаларын насихаттау бәріміздің парызымыз. Өмірін жарқын, келешегін кемел еткісі келетін кез келген адам Абай өлеңдерінен нәр алады. Абай күні мерекесі халықтың, әсіресе жастардың жыл сайын асыға күтетін мерекесі болсын лайым, – деді өзінің құттықтау сөзінде Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шакеев.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан өнерпаздарды әділ қазылар бағалап, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады.

 

 

Осы RSS каналға жазылу