Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 15:09

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 4 жаңа мектеп бой көтерді

Түркістан облысы аумағындағы елді мекендерде білім ұяларының құрылысы жалғасып жатыр. Қазығұрт ауданында бой көтерген 4 мектептің құрылысына облыстық бюджеттен жалпы 2 528,1 млн теңге қаржы қаралды.

Биыл жаңа оқу жылында аудандағы Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «CK New City» ЖШС жүргізді. Сонымен қатар С.Рахымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Өмірзақ» ЖШС.

Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат елді мекенінде «Direct Delivery» ЖШС жаңа білім ошағының құрылысын жүргізуде. 300 орындық мектепті биыл пайдалануға тапсыру жоспарланған. Құрылысы қазан айында басталатын Шарбұлақ ауыл округі, Шарбұлақ елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысын келесі жылы аяқтау күтілуде. Құрылыс жұмыстарын жургізуге конкурс нәтижесімен жеңімпаз «SHEBERBUILD» ЖШС болып анықталған. Білім нысандарының құрылыс барысы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 38 рет