Салтанатты жиында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков сөз сөйлеп, тұрғындарды мерекемен құттықтады. «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, тәуелсіз ел екенімізді танытатын қасиетті нышандар. Көк туымыз – бейбітшілік пен бірліктің, елдігіміз бен егемендігіміздің символы. Әрбір азамат оны қастерлеп, мақтан тұтуы тиіс», – деп атап өтті.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жүрекжарды лебізін білдіріп, Мемлекеттік рәміздердің тарихи маңызы мен қадір-қасиетіне тоқталды. Шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, мерекеге ерекше рух берді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат