Сәрсенбі, 04 Маусым 2025 12:05

Түркістан: Төлеби аудандық мәслихаттың сессиясында 9 мәселе қаралды

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

 

Жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім мен мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда 9 мәселе қаралып, депутаттардың талқылауына алынды.

1. Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы.

2. Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №22/122-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/128-VIІI «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/129-VIІI «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/130-VIІI «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/131-VIІI «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №25/146-VIІI «Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8. Ауданда «Ұлтаралық қатынастар және бейбітшілік пен келісімді нығайту» барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы.

9. Ауданда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның орындалу барысы жайлы.

Сессияда көтерілген мәселелер алдын ала тұрақты комиссия отырысында талқыланғандықтан, депутаттардың ұсыныс, талап-тілектері ескеріле отырып, қолдауға ие болып, бірауыздан қабылданды.

 

Оқылды 2 рет