Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, еңбек нарығын тұрақтандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды.
Аудан әкімі Келес өңірінде жұмыссыздықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан нақты шаралар мен қолға алынған жобалар жөнінде кеңінен баяндап өтті. Атап айтқанда, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар арқылы халықты жұмыспен қамтуда оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.
Абзал Дәулетәліұлы Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан шараларды оң бағалап, алдағы уақытта еңбек ресурстарын тиімді үйлестіру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңде жұмыспен қамту саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге уағдаласты.