Сейсенбі, 10 Тамыз 2021 12:36

Созақ: Қарағұрлықтар қысқы мал азығын даярлауға қызу кірісті

Қазіргі таңда қысқы мал азығын дайындау мәселесі кезек күттірмейтін маңызды іс.

"Жаздың бір күні, қысқа азық" деген ұранды ұстанған Қарақұр ауылдық округінің шаруалары мал азығын дайындау жұмысына қызу кіріскен. Бүгінде Қарақұр өңірістік копперативті 2 трактор, 2 пресстеу машинасымен 6000 дана пресс шөп әзірлесе, «Бірлік" шаруа қожалығы жеке қаржысына сатып алынған 1 трактор, 1 пресс, 1 ротормен 7000 дана пресс шөп, жеке кәсіпкер Назаров Нұрман жеке қаржысына сатып алынған 1 трактор, 1 пресс, 1 ротормен 5500 дана пресс шөп дайындады. Осы шаруалардың еңбегінің арқасында бағасы 950-1000 теңгеден сатылған дала шөбі қазіргі таңда бағасы 700-750 теңгеден сатылуда.

Қарақұр ауылдық округінде мал азығын дайындау науқаны шілде айының басынан басталды. Қарақұр ауылы округі бойынша 2021-2022 жылдарға мал азығын дайындау межесі 9500 тонна мал азығын дайындау жоспарланса, қазіргі күнде 3650 тонна шөп дайындалды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 352 рет