Дүйсенбі, 09 Тамыз 2021 15:12

Сайрам: Құрылыс сапасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы қаралды

Сайрам аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысында құрылыс сапасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы қаралды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 6 тамызы күні «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалында Партиялық Бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысында Сайрам аудандық ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы Ильяс Мариннің және Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ерболат Серікбаевтың атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары мен комиссия мүшелері қатысып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ отырысқа аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы арнайы қатысып, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасындағы тармақтарға тоқталып, оның нақты жүзеге асырылуын тілге тиек етті.

Комиссия отырысында ауылдық округтегі елді мекендерді толық және сапалы интернетпен қамтамасыз ету, ауданда салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасына қатаң бақылау жүргізу туралы ұсыныстар берілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 280 рет