Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021 15:24

Сайрам: Аудан басшысы Арыс ауылдық округінің тұрғындарын жеке өтініштері бойынша онлайн қабылдады

Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібеков  #Ауыл_ел_тірегі он күндік жоба аясында Арыс ауылдық округінің тұрғындарын жеке өтініштері бойынша онлайн қабылдады.

Қожақорған ауылының биі, Тұрсынқұлов Арслан Арыс ауылдық округіндегі Қожақорған және Нұржанқорған елді мекендері аумағында орналасқан аудандық маңызы бар автомобиль жолы үшін жалпы ұзындығы 5,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқталуына ықпал етуін сұрады.

1. Жолды фрезамен қыру;

2. 500мм, 1000мм, 1500мм трубалар;

3. Су ағар лоток;

4. Жол аяқ;

5. Асфальт қалыңдығы 8см (4 см ірі тасты асфальт, 4 см майда тасты асфальт) жұмыстары ұзақ уақытты талап ететінін түсіндіріліп 2022 жыл соңында пайдалануға берілетіні хабарланды.

Қоғамдық келісім төрағасы, Нұржанқорған ауылы Атамекен көшесінің тұрғыны Атаханов Султанхан ауылдық округін 2022 жылы халыққа ауыз су тарату үшін ЖСҚ әзірлеуге көмек беруін сұранды. 2020 жылы Нұржақорған, Қожақорған елді мекендерінің жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, облыстық бюджет есебінен 31,596 млн. теңге қаржы қаралған. Тапсырыс беруші Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде "Геобайт Инфо" ЖШС жеңімпаз болып табылды. Мердігер мекеме тарапынан іздеу - барлау жұмыстары жүргізіліп, су ұңғымасы қазылды. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында іздеу барлау жұмыстарының қорытындысы алынғаннан кейін ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілеті түсіндірілді.

Ал Қожақорған ауылы С.Юсупалиев көшесінің тұрғыны Мухатаева Майрам Қожақорған елді мекені, Қарасу көшесіне инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын жүргізуге аудан башсынан ықпал етуін сұранды.

Қожақорған ауылына қарасты Қарасу көшесіне электр жүйелерін орнату үшін, бүгінгі таңда сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалуда. Бөлім тарапынан 2022 жылдың бірінші тоқсанда сметалық құжаттамасы жасалынып, бюджет есебінен қаражат қарастыруға өтінім беру жоспарлану екендігі айтылды.

Онлайн қабылдауда болған азаматтар өз сұрағына толық жауап алды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 293 рет