Шымкент қаласы Еңбекші ауданында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезеңі бойынша жеңімпаздарын анықтау комиссиясының отырысы өткізілді. Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасының құжаттары ұсынылған болатын.
31 отбасының құжаттары зерделеніп, 15-нің тиісті құжаттары толық болмағандықтан қараусыз қалдырды. Қалған 16 отбасының құжаттары белгіленген қағидаға сәйкес бағаланып, жеңімпаз ретінде 4 отбасы қалалық деңгейде өтетін екінші кезеңге жолама алды.
Олар:
- Байбосыновтар отбасы;
- Теңізбаевтар отбасы;
- Бақтыбаевтар отбасы;
- Шукуровтар отбасы.
Бүгінгі осы аудандық деңгейде өткізілген «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының І-ші кезеңіне белсене қатысқан барлық 16 отбасыға аудан әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталып, сый құрмет көрсетілді.
Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктерінде сәуір-мамыр айларында Шымкент қаласының тұрғындары арасында өтініштер қабылданған. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр ауданнан 4 үміткер барлығы 16 отбасы байқаудың екінші кезеңіне қатысады. Бұл кезенде жұзден жүйрік шыққан жеңімпаз екі отбасыға байқаудың шешуші үшінші кезеңіне қатысуға жолдама беріледі. Осылайша олар Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық байқауда Шымкент қаласын таныстыратын болады.
Айта кетейкі, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен адамгершілік құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы "Мерейлі отбасы-2021" ұлттық байқауының жеңімпазы деп Алиевтер отбасы танылған еді. Олар республикалық байқауда Шымкентті танытқан болатын.
«Aq-qara.kz» - ақпарат