Сәрсенбі, 27 Шілде 2022 18:07

ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Абай ауданы тұрғындарымен жоспарланған есепті кездесуі өтті. Әкім 6 айдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндап, тұрғындардың сауалына жауап берді.

- Халықпен кездесулер өткізудің 2022 жылға арналған күнтізбелері бекітіліп, тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізілуде. Бұл жаңа әдістің қажеттілігі мен тиімділігіне көз жеткізіп отырмыз. Себебі, мен 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткіздім. Жалпы кездесулерде қала тұрғындарынан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалып, 316-ы жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді шешуді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген» - деді М.Әйтенов.

Оның ішінде Абай ауданы тұрғындарымен 18 елдімекенде 63 кездесу өтті. 216 мәселе көтеріліп, бүгінде 86-сы шешілді, 97-сі орындалуда. 36 мәселе екі жылдық жоспарға енген.

Айта кету керек, әрбір мәселе ауданда құрылған Қоғамдық бақылау кеңесімен мақұлданып, зерделеніп отырды. Қала әкімінің есепті кездесуінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты. Осы жылы аудан халқын ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта Құрсай (Арғымақ) шағын ауданында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмыстары осы жылы ақталып, электр желісімен қамтылу көрсеткіші де 100 пайызға жетеді.Баяндамадан кейін жиын жанды әңгімемен жалғасты. Кездесуге келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін алға тартты.Айтқандай ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы өзінің нәтижелілігін көрсетуде. Абай ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 5,1 есеге артқан.

 

 

Оқылды 231 рет