Жансейіт Түймебаев жастарды Түркістанды дамытуға шақырды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің көшбасшы жастарымен бейресми кездесу өткізді. Басқосуда Түркістан өңіріндегі жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйіткілдер әңгіме арқауына айналды. Жиын барысында аймақ басшысы жалынды жастарды түркі әлемінің рухани астанасы атанған өңірдің өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Сарапшылар Түркістанның келешек келбетін талқылады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев сәулет саласына қатысты мамандармен бейресми кездесу өткізді. Құрамында Қазақстанның халық суретшісі Ерболат Төлепбай, ҚР Сәулетшілер Одағының вице-президенті Бақытжан Әшірбаев, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсібалиев сынды бірқатар азаматтар бар жұмыс тобы Түркістан қаласының бас жоспарында қамтылатын нысандардың орналасу тәртібі, сәулеттік келбетінің ерекшеліктерімен танысты.

«Түркістан» ӘКК» Сарыағаш ауданындағы цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға көмектеспек

Сарыағаш қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу өтті. Жиын барысында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның «Цифрландыру орталығы» филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум түзілді.

Төлеби ауданында шоколад өндірісі қолға алынбақ

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков және Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы Нұрлан Қойбағаров Бірінші Мамыр ауылдық округіне іс-сапармен барды. Бірінші кезекте округте орналасқан «Балмұздақ» ЖШС-нің шокаладты глазурь және шоколад өңдейтін цехінің жұмысымен танысты. «Балмұздақ» ЖШС шоколад өңдейтін цехін желтоқсан айында іске қосып, отандық өнім «Perfetto» сауда белгісімен шоколад өндіру жұмысын бастамақ.

Түркістан облысы: Арыста «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «25 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымымен құрылған, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне» орай Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың мәдени мұрасын сақтау, салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, дарындыларға қолдау көрсету мақсатында «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті.

Түркістан облысында 11 медициналық пункт пайдалануға берілді

Түркістан облысының Келес ауданында биыл 11 медициналық пункт ашылып, ел игілігіне берілді. Медициналық тіректердің төртеуі Қошқар ата ауылдық округіндегі елді мекендерде бой көтерсе, Біртілек пен Ақтөбе ауылдық округтерінде де төрт нысан салынған.

Түркістан облысы: Ордабасыда межеленген жоспар 100 пайызға орындалды

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласында биыл 26 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Мал шаруашылығында 317 мал бордақылау алаңы салынып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан ауданның шаруалары «Алтын күз» мерекесін толағай табыспен қарсы алды. 

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында бюджетке өзгерістер енгізілді

Алдағы уақытта Түркістан қаласының өркендеуіне баса назар беріледі. Ол үшін 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу қажет. Түркістанда облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясында негізінен осы мәселе депутаттардың талқысына түсті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Нұржан Әшіров, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, маслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысты. 

Түркістан облысы: Шардарада қос мереке тойланды

Аудан жұртшылығы «Алтын күз» мерекесі мен Шардара қаласының 50 жылдық тойын кең көлемде атап өтті. Алдымен қаладағы Абай көшесінің бойында ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Түркістан облысы: Түлкібаста латын әліпбиіне қатысты семинар өтті

Жұма күні Түлкібас ауданына «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасы бойынша көпшілікпен талқылау мақсатында «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуалиұлы және Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры Ағабекова Жазира Ағабекқызы жұмыс сапармен келіп, аудан тұрғындарына семинар өткізді.