Түркістан облысының 20 мұғалімі Мәскеу мемлекеттік университетінде тегін оқитын болды
Түркістан қаласында өткен облыстық Тамыз кеңесінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаев ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне тоқталды. Ұстаз бедеді — мемлекет беделі екенін атап өткен ол білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білімі мен қайраты мол болу керектігін айтты. Облыста түлеп ұшып, өзге өңірлерде қызме етіп жүрген білікті мамандар мен педагогтарды туған жерге шақыру керектігін жеткізді.