Мыңға жуық мемлекеттік қызметкер Түркістанға қоныс аударды
Жұма күні Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері Шымкент қаласынан облыс орталығы – Түркістан шаһарына көшті. Тарихи сәтте жолбасшы болған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев екі ғасыр бойы Қазақ хандығының астанасы болған, маңызды шешімдер қабылданған Түркістанға атбасын бұрып, қызмет етуге бара жатқан азаматтар, жалынды жастар тарих алдындағы ұлы мұраттарының бірін орындап жатыр деуге толық негіз бар екенін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.