Шымкент: «Жаңа шаһардағы» жерүсті өткелі биыл игілікке беріле ме?

Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелінің сақалды құрылысқа айналғанына біраз жыл болды. Қала тұрғындары бұл нысанның қашан пайдалануға берілетініне бүгінде тіпті алаңдай бастады. 

Шымкенттке биыл 300 автобус жеткізіледі

Шаһарға таяуда жаңа автобустар әкелінген болатын. Қазір солардың бірқатары қаланың орталық көшелерімен, біразы шеткері орналасқан елді мекендерге қатынап жүр. Әйткенмен жауаптылар жаңа автобустардың легі мұнымен тоқтамайтынын айтады. 

Шымкент: Қошқарата өзені бойындағы «Арал» мейрамханасы қайта жаңғыртыла бастады

Қошқарата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарынан кейін қаланың тарихи ғимараты саналатын баяғы «Арал» мейрамханасын қайта жаңғыртуға кезек келді. Ұлы Отан соғысы бітісімен-ақ бой көтерген мейрамхана ғимараты қандай мақсатта пайдаланылмақ және жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? 

Шымкент қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалдау саласын дамыту мақсатында кәсіпкерлер назарын аударды

Шымкент қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалдау саласын дамыту мақсатында «Диспетчерлік қызмет орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін 100%-ға кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Шымкент субұрқақтарының көптігімен де ерекше

Шымкент қаласында субұрқақтардың қарасы қалыңдайтын түрі бар. Маусым басталғалы іске қосылған 23 субұрқақ бүгінде кестеге сай жұмыс істеп тұр. Мамандар әрбір субұрқақтың қосылуынан бастап ұңғымасының таза болуына шейін қадағаланып отыратынын айтады. 

Шымкент тұрғындарына «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтерлі болғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесінен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы әкімдігінің халықтық кеңсесі «Фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды.