Түркістан облысы: Созақта «Адал азамат – мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қожабекова Наталья Сунгатовна Созақ ауданындағы Үкіметтік емес ұйымдар және Қоғамдық кеңес өкілдері, ішкі саясат, құқық қорғау, әлеуметтік сала мамандары, жастармен «Адал азамат – мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Түркістан облысы: Дархан Сатыбалды Кентау жылу орталығындағы ауқымды жөндеу барысын бақылауға барды

Кентау ЖЭО-да ауқымды жөндеу барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мердігерлермен жолығып, жұмыс барысын пысықтады. Керек қондырғыларды жеткізуші шетелдік компания жетекшілерімен байланысып, мән-жайды нақтылады. Кеншілер шаһарына арнайы барған облыс әкімі мердігерлерге маңызды істі аса жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Жылу көздерін қайта құрылымдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында.

Түркістан: Сарыағаш пен Келес аудандарында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барып, күрделі жөндеу жұмыстары басталған білім, денсаулық, мәдениет нысандарын аралады. Құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын қадағалады.

Түркістан облысы: Созақ ауданының шаруаларына мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттары түсіндірілді

Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында шаруалардың қатысуымен жиын өтті. Онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінетін қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттары түсіндірілді.

Түркістан облысында 6 жылда 9,5 мыңнан астам шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы құрылғаннан бері 6 жыл ішінде облыстық және аудандық жолдар мен көшелерді жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 311,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 9544,6 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан: нысандардың құрылысы ағаштарға зиянын тигізбеуі керек

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Жиында өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. Сонымен бірге құрылыс қоршаған ортаға, жасыл желекке кері әсер етпеуі тиіс екенін айтты.

Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізіліп жатыр

Еліміздегі су үнемдеу технологиясын шығаратын ең алғашқы зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Биыл екінші зауыт жабдықталып, өз жұмысын бастайды. «BNK Group LTD» компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды.