Super User

Super User

Түркістан облысында мақта терімі басталды

Түркістан облысында мақта терім науқаны басталды. Бүгін облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы науқанды сапалы ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімдері мен Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.

Түркістан облысында 16 мыңға гектарға жуық жерге жаңадан су үнемдеу технологиялары енгізілмек

ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, биыл Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын жаңадан 22 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Бүгінде жоспар 69 % орындалды немесе су үнемдеу технологиялары 15 591 гектарға орналастырылған. Оның ішінде, 9 563 гектарға тамшылатып, 6 028 гектарға жаңбырлатып суару технологиялары ендірілген. Аталған саладағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста кезекті рет талқыланды. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы: МӘМС жүйесінің іске асырылуы туралы өңірлік штабтың отырысы өтті

Түркістан облысындағы МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтардың үлесін 2024 жылдың қорытындысымен 86%-ға жеткізу көзделген. Бүгінгі таңда межеге жету бағытында арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді.

Осы RSS каналға жазылу