Шымкенттіктер мақтааралдықтарға әлеуметтік қолдау көрсетті

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай-күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бейжай қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-киім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төлеби: Ленгір қаласында тазалау жұмыстары жүргізілуде

Төлеби ауданы Ленгір қаласында қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан «Ленгір» өзенінде судың көтерілуінен су басу орын алған болатын. Орын алған су басудың зардаптарын жою жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жетісайда «Қамқорлық» аясында 150 отбасыға қамқорлық жасалды

Жетісай ауданында облыс әкімі Өмірзпқ Шөкеевтің бастамасымен бастау алған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында «KUSTO Group PTE.LTD» компаниясы мен «Tectum Engineering» ЖШС шифер зауыты 150 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжымы мақтааралдықтарға гуманитарлық көмек жөнелтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті. Атап айтқанда, оқу орнының басшысы, университет президенті Болатбек Абдрасиловтың бастамасымен және І вице-президент Женгиз Томардың қолдауымен Мақтааралдағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсету мәселесі университеттің басшылығы тарапынан бірауыздан қолдау тауып, көмекке азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті тұтыну заттарының 10-нан астам түрі бойынша 10 тоннаға жуық жүк жөнелтілді.

Түркістан: Қасиетті рамазан айында ерікті түрде 50-ден астам полицей қан тапсырды

Түркістан облысының Полиция департаментіне қарасты Отырар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қасиетті айда қан тапсырды. Алдымен, 50-ден астам полицейлер өз еріктерімен қан тапсырмас бұрын, қан беріп, донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендерін анықтатты.

Мақтаарал: Кәсіпкерлер де көмегін аямауда

Мақтааралда орын алған төтенше жағдай жеке кәсіпкерлерді де бей-жай қалдырмады. Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Қуаныш» ЖШС-і сауда орталығының кәсіпкерлері «Біз біргеміз!» акциясына үн қосып, мақтааралдық ағайындарға гуманитарлық көмек көрсетті.

«Асар» еріктілер ұйымы: Біз Мақтааралдықтармен біргеміз!

Мақтаарал ауданында орын алған оқиға кім-кімге болса да оңайға түскен жоқ. Әрбіріміз үшін қиынға соқтырғаны анық. Осы тұрғыда, зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созу мақсатында Түркістандық ерікті жастар жұдырықтай жұмылып, қолдан келгенше көмек беруде.