Түркістан қаласында тағы 5168 отбасына 50 мың теңге аударылды

Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры арқылы екінші транш бойынша Түркістан қаласының тағы 5168 отбасына 50 мың теңге аударылды. Тағы дейтін себебіміз, осыдан екі аптадай бұрын бірінші траншпен 4903 отбасы осы көмекті алған болатын.

Түркістан: «Біз біргеміз» акциясына дзюдо шебері қатысты

Түлкібас ауданына "Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз!" республикалық акциясына танымал дзюдо шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Құрамыс Бекежан Құрамысұлы қатысты,-деп хабарлайды "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Түркістан: Шардарада әлем чемпионы мен белгілі әнші «Біз біргеміз» акциясын жалғастырды

Түркістан облысы, Шардара ауданында «Біз біргеміз!» акциясы өтті. Бұл жолғы игі іс-шараға армрестилнг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қыдырғали Оңғарбаев пен белгілі әнші, сазгер Асқар Жайлаубаев көмекке мұқтаж бірнеше отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.

Түркістан: Келесте 100 отбасына қамқорлық көрсетілді

«BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы, «Бозай» бастауыш партия ұйымы «Ауызашар» челленджін жалғастырды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркістан облысы әкімдігі мен «Дегдар» қайырымдылық қоры 300 тонна қырыққабатты балалар үйіне және мұқтаж отбасыларға тегін таратпақ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылын еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелту қолға алынды.

Мақтааралдағы су басқан ауылдардан 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басқан елдімекендерден тұрғындарды көшіруге 450 полицей жұмылдырылды. Халықты эвакуациялау үшін Мақтаарал, Жетісай және Сарыағаш АПБ жеке құрамы мен Ұлттық ұланнан 250 әскери атсалысты.