Шымкентте «отбасы құндылықтары» тақырыбында жиын өтті

Қазір қоғамда қыз тәрбиесі өте өзекті мәселеге айналды. Қыз арқылы ұлт тәрбиеленеді дейтін ата дәстүрі бүгінде кенжелеп қалған. Әр үйдің сыры басқа болғанымен, қазақилықтың иісі ұлттың болмысында аңқып тұруы тиіс. Әйтпегенде, күн өткен сайын шетелдік сарындағы кейбір әдеттер бала бойына сіңіп кеткен. Ал, бұған себеп тағы да отбасындағы құндылықтардың орынының ауысуы немесе жойылуынан деп білеміз. 

Шымкент әкімі білім нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар білім беру нысандарын аралады. Атап айтқанда, №4 балалар музыка мектебі, Әл-Фараби атындағы №113 жалпы білім беретін мектебі және М. Мәметова атындағы №111 мектептерінде болды. Сондай-ақ жаңа “Оқушылар сарайының” құрылысын тексерді. Оқу орындарының ғимараты мен кабинеттерін, жалпы материалдық-техникалық базасын тексеріп, алдағы даму жоспарымен танысты.

Шымкент әкімі V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдеге қол жеткізген спортшыларды қабылдады

V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысып, жүлдеге қол жеткізген спортшылар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, қала әкімі жеңімпаз жүлдегерлермен кездесіп, ұлттық құрама сапында лайықты өнер көрсеткен спортшыларды құттықтады. Арнайы сыйлықтар мен ақшалай сертификат табыстады. 1-ші орынға 1 млн теңге, 2-ші орынға 700 мың теңге, ал 3-ші орынға 500 мың теңге берілді. 

Өзбек күресі - Кураш

"Аq-qara.kz" сайт "Спорт-денсаулық кепілі" жобасын бастады. Негізгі мақсат-елімізде және Шымкентте бұқаралық спортты дамыту және насихаттау. Әр шығарылымда біз көптеген адамдарға ыңғайлы спорт туралы жазамыз. Сарапшылар ретінде табыстың шыңына жеткен танымал Чемпиондар, әуесқой спортшылар таңдалады. 

Бұл мақалада біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 27 елден 106 спортшы бақ сынаған «Кураш» ойыны туралы жазып отырмыз. 

Бейбіт атомды қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз етейік –Қазақстан атомшылары қазақстандықтарға жүгінді

Бейбіт атомды қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз етейік –Қазақстан атомшылары қазақстандықтарға жүгінді

Қазақстанның атом саласының қызметкерлері ел тұрғындарына жүгінді. Бейне атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының (AIDA) ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Еліміздің әртүрлі кәсіпорындарында жұмыс істейтін атом саласының қызметкерлері өзінің бейне жолдауында қайта құру жылдарындағы қиындықтарға қарамастан, Қазақстан өзінің атом саласын сақтап, оның болашақ ұрпақ үшін дамуын қамтамасыз ете алғанын атап өтті. Бүгінгі таңда қазақстандық атомшылар елде де, одан тыс жерлерде де жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар болып табылады.

Атом энергетикасын дамыту бойынша алдағы референдумға байланысты атом жұмысшылары өз кәсібіне қатысты қате, алдамшы және кейде жәбірлейтін мәлімдемелерге тап болғанын атап өтті. Олар мұндай пікірлердің әділетсіз екенін және нақты жағдайды көрсетпейтінін атап көрсетеді.

"Біз Қазақстан халқына бейбіт атомды қауіпсіз және сенімді пайдалануды, энергетикалық тәуелсіздікті және экономикамыздың жаңа деңгейге көтерілуін қамтамасыз ететінімізді жауапкершілікпен мәлімдейміз. Біз еліміздің жаңа салалардағы көшбасшылығы үшін жағдай жасаймыз және Қазақстанның жарқын болашағына лайықты үлес қосамыз", — хатта делінген.  

Атом саласының қызметкерлері барлық азаматтарды өз қызметін қолдауға және Қазақстанның экономикалық және технологиялық серпілісінің кепілі ретінде атом энергетикасының маңыздылығын атап өтуге шақырады. Манифест атомшылардың ел халқы алдындағы миссиясы мен тарихи борышын, сондай-ақ олардың Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Шымкентте инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері талқыланды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында өткен жиында кәсіпкерлерге инвестициялық карта кеңінен таныстырылды. Басқосуға Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, «Kazakh Invest» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дінмұхамед Зиятбеков, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, «Invest Shymkent» өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Атом электр станциясын салу – ұзақ мерзімді жоба!

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат депутаттарымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

«АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымымды бұған дейін бірнеше рет айттым. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берген жағдайда, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы: «Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді жоба. Алайда бұл бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, энергетикалық дербестігімізді нығайтады, экономиканың, ғылым мен білімнің түрлі саласын өркендетуге тың серпін береді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін қалыптастыруға ықпал ететінін» айтты.

Маңызды тарихи месседж Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты инфрақұрылымдық жобасы бола алатын атом электр станциясының әлеуетті құрылысын өз мойнына алады.

Іс жүзінде АЭС елдің технологиялық дамудың жаңа кезеңіне кіруін белгілеу. Тарихи тұрғыдан алғанда, табысты елдердің бірде-бір экономикалық өрлеуі энергия көздеріне қол жеткізу саласындағы революциясыз аяқталған жоқ. АЭС-бұл таза энергияның және Қазақстан экономикасының үздіксіз өсуінің ұзақ мерзімді кепілі болса керек. Бұл келесі ұрпақтың өміріне әсер ететін негізгі жобалардың бірі. Тоқаев сөзінен осыны аңғаруға болады.

6 қазан күні осы АЭС құрылысының салыну, салынбауын шешетін референдум өтеді. Яғни АЭС құрылысы әлі басталған да жоқ. Оны бүкіл ел білсе керек еді. Алайда, осыдан бірнеше күн бұрын Алматы облысына қарасты Үлкен ауылында атом станциясын салу жұмыстары басталып кетіпті деген хабар тарап, онсыз да алаңкөңіл жұртты бір шулатты. «Бақсам бақа екен» дегендей, артынан оның Балқаш ЖЭС құрылысына қатысты ақпарат екені анықталды.

Жалпы ел тарихындағы елеулі оқиғалар кезінде түрлі болжам жасалып, хайп пен жалған ақпараттың қарша жауатын қашанғы әдеті. Онсызда, Тука айтпақшы «өр, өрме» деп отырған халықты шатастыра бермеген дұрыс шығар. Нақты дерек көзіне, әңгіменің қисынына сенген жөн деп ойлаймын.

 

Ержан Жаубай

 

Mezgil.kz

Түркістан қаласы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда

Бүгінде Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан  15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы  25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген.

Түркістан қаласында жиһаз жасайтын кәсіпорындардың қарасы көбейіп, нарықта өз жолын таба бастаған

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 7 ірі кәсіпорын бар, сондай-ақ тағы бірқатар шағын жиһаз цехтары жұмыс істеп тұр. Облыста жұмысын жүргізіп отырған, жиһаз өндірісінде өзіндік орны бар «Гранд Микс», «Азия бренд», «Мебель люкс», «Кордиал – Түркістан» сынды кәсіпорындарының өнімдері еліміздің өзге облыстарымен қатар ТМД елдеріне шығарылады.