Қазынашылық департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және департамент басшысы Қарлығаш Шарафиева мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әуескүл Ергешова ұжымдағы кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.

«Астана Опера» Шымкентте

«Астана Опера» труппасы алғаш рет Шымкент қаласына сапармен келді. 1-қазан Халықаралық музыка күніне орай жоспарланған концертке, елімізге танымал өнер жұлдыздары да қатысты.

Шымкент жылыту маусымына дайындық: өрт қауіпсіздігі айлығы қорытындыланды

Шымкентте 2024-2025 жылғы жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздік айлығы» өткізілді. Бұл шара тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ұйымдастырылып, өрт қаупін азайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін Өңірліу коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі - Ережепова Эльмира Уалиханқызы баяндады.

Шымкент: Аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер талқыланды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасарлары Қуаныш Жұмабекұлы мен Сәрсен Абайұлы қазан айында жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Шымкентте бірқатар бағыттағы қоғамдық көліктердің саны артты

Шымкентте жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді.

Президенттің кеңесшісі білім саласы өкілдерімен кездесті

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ұлағатты ұстаздармен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. “Түркістан” сарайында өткен іс-шараға қаладағы мектеп және колледж директорлары, білім саласы қызметкерлері қатысты.

Түркістан қаласы: түрік инвесторы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашуға ниетті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркиядан келген инвесторлар – «Е.С.А SEREL» компаниялар тобының өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашу мәселесін талқылады. Бірегей жоба Мемлекет басшысының түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асуда.