Сәрсенбі, 02 Қазан 2024 03:42

Қазынашылық департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және департамент басшысы Қарлығаш Шарафиева мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әуескүл Ергешова ұжымдағы кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу қорытындысымен жиын өткізіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Сондай-ақ, еңбек қатынастарына байланысты мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Ұжым мүшелері толық қатысқан жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы департаменттің қызметкерлерін «10 қазан - Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, ұжым мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментінің бөлім басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ергешова Әуескүл Тұрсынбайқызы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен департаменттің бас маман - бас қазынашысы Орынбекова Салтанат Амантайқызы, «Құрмет Грамотасымен» департаменттің бас маманы Үсенова Нұржамал Исахқызы, «Алғыс хатпен» департаменттің бас маманы Үсенкулова Әсемгүл Тілектесқызы марапатталды.
Жиын соңында департамент басшысы Қарлығаш Асанқызы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Оқылды 57 рет