Түркістан облысында орман-дала өртімен күрес және алдын алу барысы қатаң бақылауға алынған

Түркістан облысында орман және дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу барысы қатаң бақылауда. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Түркістан: облыс әкімі құрылыс алаңдарын аралады

UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, табиғи көгал төселді.

Еліміздегі ең ірі машина жасау зауыттарының бірі Сайрам ауданында орналасқан

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында «ЮКМЗ» АҚ «Су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар» шығаратын зауытта болды.

Түркістан: Сайрам ауданында «Жайлы мектеп» жобасымен 600 орындық мектеп салынып жатыр

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 63 білім ошағы салынады. Биыл соның 29-ы пайдалануға берілмек. Жоба үйлестірушісі - «Самұрық-Қазына» АҚ. Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округінде де 600 орындық білім нысаны салынып жатыр. Ауданға арнайы іссапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды салынып жатқан мектеп құрылысымен танысты. Мердігерлермен кездесіп, сапалы әрі мерзімінде аяқтауды пысықтады. Сонымен қатар құрылыс барысында орын алған өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

«Түркістан білім-инновация» лицейі Қазақстандағы үздік 11 мектептің қатарына кірді

Былтыр ғана Түркістанға қоныс тепкен «Білім-инновация» лицейінің әлеуеті артты. Республикалық олимпиада нәтижесіне сәйкес еліміз бойынша үздік 11 білім ордасының қатарынан көрінді. Жалпы олимпиадаға қатысқан 8 мың мектеп ішінде осы нәтижеге жету өте жақсы көрсеткіш. Аталған білім ұясы 2021 жылы 50-орын, 2022 жылы 31-орын алған болған. Ал былтыр 26-орынға көтерілген еді. Биыл бірден жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыс мерейін үстем етті.

Түркістан облысында шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Түркістан облысында су нысандары мен шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Аталған мәселе арнайы мәжілісте талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мекемелер мен аудан, қала әкімдеріне тұрғындардың, әсіресе, балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде тапсырма берді.

Түркістан облысында 35482 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде бюджет есебінен тегін демалады

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері ( 7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.

Сауран аудандық қамқорлық орталығында жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыруға арналған кездесу ұйымдастырылды

«Діни экстремизмнің алдын-алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру болып табылады.

Сауран: «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында кездесу болып өтті

«Діни экстремизмнің алдын-алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында Сауран аудандық кірістер басқармасындақызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру болып табылады.

Сауран ауданы: «Дінді дұрыс түсіну заман талабы» тақырыбында сауалнама жүргізілді

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің теолог маманы Д.Ажибайдың ұйымдастыруымен «Дінді дұрыс түсіну заман талабы» тақырыбында Сауран ауданының жастары арасында түсіндірме жұмыстары өткізіліп, сауалнама жүргізілді.

Еліміздің дамуы үшін адам сауатты, парасатты болуы керек. Асыра діни фанатизм болу, дінді дұрыс түсінбеу бұл қоғам тыныштығы үшін кесірін тигізетін дүниелер. Дінді елімізде рұқсат етілген ұстаздардан, мешіт имамдарынан ғана сұрау, білу, үйрену қажет. Осындай адасушылыққа ұрынбау үшін діни қажетті ақпаратты сенімді ақпарат көздерінен алу керек.

Дінді дұрыс түсіну де байыптылықты, оған саналы түрде келуді қажет етеді. Ізденіс пен білімін арттырып отыру, дін мамандарын тыңдау осы тұста маңызды. Ал дін насихаттайтын құндылықтар әр қоғамның дұрыс алға жылжуына септігін тигізеді. Рухани құндылықтарсыз өмірді елестету мүмкін емес. Оқу, білім алу, ғылыми ізденіс жасау исламның ең алғашқы бұйрығы. Құранда одан кейінгі келген алғашқы бұйрықтар қатарында бойды таза ұстау айтылған. Кісі баласына құрмет көрсету өз алдына, қоршаған орта, табиғат, жүргірген аң мен құс, қыбырлаған жәндікке де аяушылықпен қарау мұсылманның міндеті.

Еңбекпен нанын тауып жеу, отбасын асырау, ешкімге қиянат жасамау, жақсылықты істерге болысу, жетім жесірді жебеу, сүрінгенді демеп, құлағанды тұрғызу, мейірімділік пен кешірімділікті, кішіпейілділік пен жұмсақтықты негізге алу, жақынына, еліне жанашырлық таныту, барымен бөлісу, көршімен татулық, достыққа адал болу секілді құндылықтардың исламдағы орны нық. Біздің ата бабаларымыз да осындай құндылықтармен өмір сүрді, әрі сол құндылықтарды кейінгілерге аманат етті. 

Өкінішке орай, соңғы кездері қоғам арасында діннің атын жамылып, діндегі шетін көзқарастарды насихаттау мен ұстануды дәріптеп, діни төзімсіздікті тарату тәрізді теріс әрекеттер байқалуда. Қаракөз қандастарымыздың бірқатарының жат діндердің жетегінде жүргені ащы да болса шындық.

Кеңес өкіметі тұсындағы жылдар бойы руханиятқа сусаған халқымыз тәуелсіз ел болған кезде дінге жаппай орала бастады. Өкінішке орай, сан жылдар бойғы қалыптасқан діни сауатсыздық жекелеген азаматтарымызды қателікке де ұрындырды. Бұған кеше соғыс оты лаулаған Сирия еліне барып, «таза дін» жолымен жүретін мемлекет құрамыз деген жалған идеяға елітіп, қолына қару алған, бүгінде «Жусан» операциясымен елге оралған ел азаматтарының тағдыры дәлел.Бұл жердегі басты проблема – діннің бұрмаланып жеткізілуі. Ислам дінінің негізгі іргетасы мен дәлелі Құран мен Құран қағидаларынан келіп шығатын пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың рақметі мен сәлемі болсын) сүннет амалдары. Осы негізді ғасырлар бойы ислам әлемінің белгілі ғалымдары тарқатып түсіндіріп, тармақтарын қалыптастырды. Осы орайда айтар болсақ, Ханафи негізін алған мазхаб пен Матуриди қалыптастырған ақидаға қарсы келетін пікірлер мен ұстанымдар қазақ қоғамындағы біздің дәстүрлі дінімізден тыс. Шеттен келген теріс діни ағымдардың идеялары қаншалықты қисынды көрінгенімен, ол біздің еліміздегі ислам дінінің дәстүрлі түсінігіне қарсы мәнге ие деп бағаланады.

Дін – дұрыс түсінген адам үшін бақытқа жетелейтін нығмет десек, қате түсінген адам үшін үлкен қасірет. Дінді қате түсіну бүтіндей елдер мен қоғамдарды берекетсіздікке ұшырататын құрал екенін тарихтан да білеміз, жекелеген елдердің бүгінгі ахуалынан да көріп отырмыз. Мұны жақсы түсінген қара пиғылдылар осы құралды қолдану арқылы діннің атымен өздеріне саяси ұпай жинауды мақсат тұтып, діни сауаты төмен жастардың санасын улауға тырысады.

Жалпы, кертартпа теріс ағымдарға бақылауды босаңсытып алуымыз тәуелсіздіктің бастапқы жиырма жылының ішінде дін саласында жіберген үлкен қателігіміз болғанын бүгін ашық айтуымыз тиіс. Соның салдарынан діни сауаты таяз біршама жастарымыз теріс ағымдардың алдауына түсіп, жат діндердің сойылын соғып кетті. Жастардың заманауи талаптары мен талғамын жақсы білетін теріс ағымдағылар олардың арасында Интернеттің кең мүмкіндіктері арқылы өз уағыздарын кеңінен таратты.

Бүгінгі таңда операция, іс-қимылдарымен бүкіл әлемді шулатқан террорлық бәлекет көбіне ислам атынан дін бетпердесін қолдануда. Ұйымдар осындай өтірік әдіспен өзіне анағұрлым оңай әскер жинайды әрі материалды, логистикалық қолдау табуда еш қиындық тартпайды. Өте нәзік тақырыптардың алдыңғы қатарында тұрған дін әсілі бүкіл адамдарды өзіне баурайтын, бақытты өмір кешуін қамтамасыз ететін аһлақ ұстанымдарына негізделген. Алайда тарих бойы әр уақыттарда қате тұжырымдалып, осындай ұлық мақсатқа мүлдем қайшы көрсетілген кезі де болған.

Осыған ұқсас жағдайлардың жаппай белең алып, ақпарат құралдары арқылы кең тарауы себепті ғаламдық деңгейде дін тура бір лаңкестіктің бастауы немесе жоқ дегенде бастау болатындай факторларды қамтитын кейіпте көрсетілуде. Осыны дұрыс көрсету үшін шариғат, жиһад, мемлекет түсінігі, шейіттік, үкімді тек Алла беретіндігі, жақсылыққа шақыру, тәкфир секілді т.б. ұғымдық мағыналарды өрескел бұрмалап, халыққа ықпал жүргізеді. Осы қате тұжырымдар мен оны жүзеге асыруға қарсылық танытуы мүмкін деген сақтықпен дін ғалымдарын тұқыртуды мақсат етіп, қате пайымдауларын түсінуге көмектесетін усул ілімін білдірмей, тек сырттайғы (захири) әрі жалаң жорамал жасалып, жоғарғы деңгейде дін білімінің берілуіне кедергі жасап, қарсылық танытатындарды құрту үшін, турасын айтқанда, лаңкестікке жол берілуде.

Дінді бетперде ететін лаңкестік ұйымдардың кейбір көзқарастарын саралап, қателіктерін көрсетіп, және дінді лаңкестікке бастау етпеу үшін кейбір ұсыныс-кеңестер туралы айта кетсек. Неге дін бетперде етіледі? «Маска» сөзіне сөздіктерде шынайы сезімдерді немесе бір нәрсенің шынайы бейнесін жасыратын алдамшы көрініс және қылық ретінде анықтама берілген. Діннің атынан іс жасап жатқанын айтатын лаңкестік ұйымдар да шынайы ой мен мақсаттарын жасырып, дінді бетперде етеді. Лаңкестік жасау Алланың бұйрығына жатпайды, онымен Жаратушының разылығын тауып, жұмаққа баратындай кемелдену мүмкін емес. Сондықтан дін атынан лаңкестік болмайтындықтан, бұл жерде дінді бетперде етіп отырғаны анық.

Дін – адам болмысында бар қасиет. Жаратылысқа сай бұл қасиет алғашқы адаммен бірге басталып, бұл жағдай үзілместен қазірге дейін жалғасқан. Қазіргі таңда да жер бетін мекендеген адамзатқа ең ықпалды нәрселердің бірі дін. Осы ерекшелігі себепті дін манипуляция жасалатын тақырыптардың алдыңғы қатарынан табылады. Міне, діннің осындай ерекшелігі себепті кейде дінді құрту, кейде жат пиғылдарына жету үшін түрлі адамдар дінді, өкінішке қарай, бетперде етеді. Өткен тарихта да түрлі мақсаттарына жетуде дінді заңды етіп көрсеткендер болған. Кейбір жағдайларда бұл қажетті болса немесе дін бұл жағдайды бұйырған болса, ал көптеген жағдайларда, өкінішке қарай, дін осы жолмен қанау не алдаудың құралы ретінде қолданылған. Міне, аталған ұйымдардың жетекшілері дінді осы екінші жағдайға қолдануда. Дінге қалай кесір тигізуде? Лаңкестік ұйымдардың барлығы көп тұрғыда адамзатқа кесір тигізеді. Алайда дінді бетперде еткен лаңкестік ұйымдар сырт көзге өздері қызмет етіп жатырмыз деп ойлаған немесе айтып жүрген діндеріне көбірек зиян тигізеді.

Бұл зиянның екі мәселеде топтасқанын айтуға болады. Исламның атына кір келтіру және ислам дініндегі кейбір мәселелерді қате түсіндіру. Біріншіден, исламның атына кір келтіру ислам діні және оның таңдаулы пайғамбары (салаллаһу алайһи уә сәлләм) тарихта көптеген келеңсіздіктерге тап болды. Ислам әлемінің тысындағы ауқымды жұрт оның қадірі мен құрметін тиісінше тани алмады. Мұнда мұсылмандардың үлгі бола алмауы мен түрлі орталардың оған қарсы үгіт жүргізіп келгенінің де өзіндік үлесі жоқ емес. Лаңкес ұйымдардың ғалымдарды ысырып тастау үшін қандай күш жұмсайтыны, тіпті бұның әрбір лаңкес ұйымның негізгі мақсаттарының бірі екені осы мәселе арқылы анағұрлым түсінікті болуда.

Дінге жасалған бұл зиянды істердің алдын алу, яғни, дінді бетперде еткен лаңкестермен қарқынды күрес жүргізу үшін әуелі бұл ұйымдардың қалай пайда болу себептерін аса мұқият зерттеу әрі сол себептерді болдырмауға күш салудың маңызы зор. Лаңкестіктің себептері арасында дінді қате түсіну, қате түсіндіру, мемлекет жағынан қысым жасау, саясатқа желеу ету, өгей баланың күйін кештіру, дін мамандарын жеткілікті дайындай алмау, бар мамандардың бағаланбауы секілді бірқатар қателіктер мен кемшіліктер бар.

Жағдай осы болғандықтан, жасалуы керекті істердің бірі – адамзат өмірінен ығыстырып тастау мүмкін емес, алайда кез келген уақытта манипуляцияға ұшырауы мүмкін дін факторын өзіне лайықты түрде әрі ешқандай саудаға салмастан қолға алу керек. Бұған қоса, бүкіл әлем терроризмнің меншікті діні жоқтығы турасында пікір тоғыстырып, бұлардың ешқандай дінмен қатысты еместігін жаһанға жариялап, діндерді ақтау керек, жазықсыз діндарларға басқаша көзқараспен қарап, лаңкестермен тиісінше әдістермен күрес жүргізу керек.
Бүгінгі күнге дейін ақидалық және амалдық әһлі сүннет мәзһабтары діни тәжірибе тұрғысынан мұсылмандардың бірлігін қамтамасыз ету әрі дінде бұзылу мен азғындауға жол бермеу үшін айтарлықтай міндеттер атқарды, атқарып келеді де. Осы жағдайды жіті бақылап отырған дін реформаторлары, батыстық шығыстанушылар (ориенталистер), әрине террористік ұйымдар бар – бәрі мәзһабтар мен ғалымдарды үнемі нысанаға алды.
Көп жағдайда демагогия жасап «Имам Ағзам мен Имам Шафиғи да өзіміз секілді пенде болған, көп ғасыр кейін келгендер неге олардың көзқарасымен санасуы керек, неге олар сынға алынбауы тиіс» деген секілді сөздермен бұл ғалымдардың ел ішіндегі беделіне нұқсан келтіруге тырысты. Алайда, негізгі мақсат көздегендеріне сай, ешқандай әдістемеге сүйенбестен дінді түсіндіру, қоғамның бірлігіне сызат түсіру, сөйтіп лаңкестікке оңай жол ашу. Қазір төрт мәзһаб бар, алайда жаңағы айтылған кісілерге еретін болсақ, мәзһабтарға сын айтқандардың санындай мәзһаб көбейе береді. Онда дін туралы сөз айту пәлендей оңай болмайды.

Келесі бір жағынан қате пайымдарын әшкере ететін усул ілімін мойындамай, жеңіл түрде сырттай (захири), қалай болса солай әрі біртұтас күйде емес бөлшек қалпында бағалап түсіндірулер жасауда. Осы екі діттегендерін оңай жүзеге асыру үшін деңгейі жоғары дін білімін беруге мейлінше кедергі келтіруде.

Сөз етілген ұйымдардың мақсаттары айтылғанда, «Пайғамбар уақытына ұқсас ислам үлгісін құру арқылы жер бетінде шариғатты, яғни Алланың үкімін қайта орнату» делінеді. Бұлайша баға беру көптеген тұрғыдан қате әрі зиянды.Айталық, бұндай кейіпте түсіндіру шариғат, жиһад, шейіттік, ғазылық, ислам мемлекеті, бақытты ғасыр секілді мұсылманша түсініктерді қате түсінуге себеп болады әрі бұл ұйымдардың операцияларын заңдастыруға септігін тигізеді. Осылай оңай мүше табуда әрі халықтың қолдауына ие болуда.

Ешбір мұсылманнан жиһад түсінігін, шариғат ұғымын немесе шейіттік түсінігін жамандау не ол ұғымдарға қарсы шығу кездеспейтіні белгілі. Неге десеңіз, бұлар әр мұсылманның өмірінде құнды діни ұғымдардың қатарында. Алайда, мағыналары террор ұйымдары түсіндіргендей әрі жүзеге асырған кейіпте емес. Ұйымның ішкі келбетін әрі ісін халықаралық қатынастар қырын білмеген әрі жеткілікті діни білім алмаған, ауылдық жерде өскен, кейбір әділетсіздіктерге тап болған, туыстары мемлекет немесе белгісіз біреулер тарапынан қорлық көрген кедей бір мұсылман жастан жоғарыда жасалған пайымдарға қарсылық танытуды немесе құптамай қоюды күту оңай емес.

«WWW.AQ-QARA.KZ»