Шымкент: Табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бүгін «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті. Кездесу барысында газ саласындағы ынтымақтастық және индустриялық аймақтардағы жаңа инвестициялық жобаларды газбен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бүгінде Шымкентте табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы жеті тұрғын алап пен шағынауданды газбен қамту жоспарланып отыр. Тағы бір айтатын жайт, бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан индустриялық аймақтарда өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясын салу мүмкіндігі қарастырылды.

Қала басшысы сондай-ақ газ саласы мамандарының біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін растау бойынша “QazaqGaz” корпоративтік оқу орталығының ашылуына қатысты. 

Бұған дейін қала басшысының тапсырмасы бойынша газ жабдықтары мен инженерлік жүйелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалық газ техникалық қызметі құрылған болатын.

Осыған байланысты шаһар басшысы салалық басқарма басшылығына газ техникалық қызметі мен газды пайдаланатын барлық ведомстволық ұйымдардың қызметкерлерін осы оқу орталығында оқытуды ұйымдастыуды қолға алуды тапсырды.

Тілге тиек етейік, Шымкент қаласында қазіргі таңда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94% пайыздан 96% пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас).

2024 жылға 4 нысан өтпелі (Қайнарбұлақ 1 (70%) және 2 (60%) кезең, Ынтымақ-2 (40%), Бозарық 1 (55%), 2 (95%) және 3 (50%) кезең, Тассай (85%).

2024 жылы 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі танда 15% жұмыстар атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталады.

Жоғарыдағыларды баяндай келе, 2024 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жеткізу жоспарлануда.

 

Шымкентте тазалық жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.  Тұран ауданының коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары қатысты.

Шымкент: Абай мен Әл-Фараби аудандарында тазалық іс-шаралары өтуде

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық акциялары өтуде. Атап айтқанда, Абай ауданы аумағындағы Тұрлан шағынауданы Шмидта көшесінің бойында тұрғындар тазалыққа үлес қосты.

Спорттық инфрақұрылымның дамуы шымкенттіктерге спортпен айналысуға қолайлы жағдай туғызып отыр

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіның таратқан мәліметі осындай.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталып, саланы дамытуда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына демеушілер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін жеткізген болатын. 

Шымкент: Жыл басынан бері медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдері жалпы 7775 адамға мемлекеттік қызмет көрсеткен

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы баяндады.

Руслан Кәрібайұлының сөзінше, жыл басынан бері азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 34 772 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 948 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 2,7% құрады. 26 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданған. 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 34 772 оның ішінде;

          ХҚКО арқылы - 15257 іс құжат 43,8%, 

          Электронды үкімет портал арқылы -671 іс 1,9%,

          Проактивті қызметтер арқылы 14423  іс 41,5%, 

          Банктік қосымшалар арқылы 4395   іс 12,6%.  

МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы 26 қызмет түрі көрсетілген 0,07%.

Бөлімдердің  мамандары  есеп беру кезеңінде 138 азаматтың арыз-шағымдары мен ТМД елдерінен келіп түскен 798 сұраныс хаттарды  қарап, заңмен белгіленген мерзім аралығында жауаптар берілген. 

Бұхаралық ақпарат құралдарында зейнетақы  мен әлеуметтік төлемақылар туралы заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 1 рет жергілікті телеарналарда хабарға қатысып, 2 рет  газеттерде  мақала  жарияланған.

Мүгедектік – бұл көп факторлы медициналық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және құқықтық өзекті мәселе. Мүгедектік, ұлт денсаулығы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен үкіметтің әлеуметтік саясатының көрсеткіші болып табылады. 

  Оның ішіндe:

- Ересек мүгедектігі бар азаматтар саны – 33355 немесе 80,8%, 

1) 1 топ – 4459 адам,

2) 2 топ – 15399 адам,

3) 3 топ – 13497 адамнан тұрады.  

- Мүгедектігі бар балалар саны – 7906 немесе 19,1%,

1) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала санаты бойынша – 2729 бала, 

2) 1 топтағы мүгедектігі бар – 743 бала, 

3) 2 топтағы мүгедектігі бар – 1914 бала, 

4) 3 топтағы мүгедектігі бар – 2520 бала 

мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепте тұрады. 

2024 жылғы 6 айға МӘС бөлімдері жалпы 7775 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 1642 адам, қайта куәландырылғаны 5493 адам, негізсіз жолданғандары – 95(325). 

Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 1555 (1412) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 143 адамға көбейген. 

Алғаш мүгедек деп танылғандар ішінен:

- ересектері 1036 адам (945), пайыздық үлесі  66,6%, 

- 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 519 бала (467), пайыздық үлесі 33,3% құрайды. 

 

205 мың шымкенттік зейнетақы мен жәрдемақы алады

Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 205 000 астам азаматты құрайды. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде дейді, бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы баяндады.

2025 жылға дейін Шымкенттегі жасыл аймақ 21544 га дейін ұлғаяды

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мердігер мекемелер тарапынан көшелерді тазалауға 50 адамнан тұратын бригадалар құрылып, халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамалардың, жол жиектерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын күнделікті атқаруда. 

Шымкентте биылғы күзде 52345 дана ағаш көшеттері отырғызылады

Бұл туралы Өңірлік  коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту саласында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында  атқарылған жұмыстар туралы»  тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды.