Шымкент қаласы әкімдігі Қошқарата өзенінің екінші тынысын ашты
Шымкентте Қошқарата өзенін білмейтін жан жоқ. Екі ай бұрын ғана өзен жағалауының келбеті тіпті өзгеше еді. Ал бүгінде ажарына ажар қосылып, абаттандыру жұмыстары ерекше қарқын алуда.
Шымкентте Қошқарата өзенін білмейтін жан жоқ. Екі ай бұрын ғана өзен жағалауының келбеті тіпті өзгеше еді. Ал бүгінде ажарына ажар қосылып, абаттандыру жұмыстары ерекше қарқын алуда.
Шымкент қаласында жасыл желек аумағы жыл сайын ұлғаю үстінде. Егілген қоғамдық баудың көлемі бүгінде 100 гектардан асты. Биыл ағаштар алғашқы жемісін беріп үлгерді. Аптап ыстыққа қарамастан мыңдаған гектар алқапқа егілген дарақтар суарылып, күтіп-бапталып жатыр.
Өткен демалыс күндеріШымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері өз араларында кімнің ең епті әрі батыл екендігін анықтады.
Шымкенттегі 40 жыл бойы жұмыс істеген қоқыс алаңының түтіні төңіректегі тұрғындарды әбден тұншықтырып, әбігерге салғаны әлі естен шыға қойған жоқ. Мәселенің өзектілігі ескеріліп, 2015 жылы қоқыс алаңы жабылған-ды. Іле-шала қоқыстың орнын көміп, қайта өңдеу жұмыстары басталды.