Super User

Super User

Түркістан: Вице-премьер Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өңірде денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде кеңес өтті

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласында бірқатар міндет қойды. Жыл соңына дейін Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін цифрландыруды аяқтау, ал келесі жылдың соңына дейін бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйені енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Түркістан облысының бірқатар ұйымы басшыларымен өткен кеңесте айтты.

Түркістан облысында Президент тапсырмасы аясында орман алқаптары ұлғайып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орман қорында 2 млрд және елдімекендерде 15 млн ағаш егу туралы тапсырманы 2020 жылғы Жолдауында берген болатын. Осыған орай Түркістан облысының орман қоры аумақтарына 2021-2025 жылдары 110 мың гектарға 170 млн көшеттерін егу бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кешенді жоспары, елді мекендерге 1,5 млн көшет егу бойынша аймақтық жоспар келісіліп, бекітілген. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдары 51,6 мың гектар жерге, 78 млн түп көшет егіліп, жоспар орындалды. Қазір жұмыстар жүруде.

Түркістан: жергілікті атқарушы органдардың нашақорлыққа қарсы форумына 1000-нан астам адам қатысты

Түркістан облысының орталығында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында форум өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Түркістан: ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді

ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді. Жұмыс сапарында өңірде Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалғанын атап өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын жақсарту бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Осы RSS каналға жазылу