Келесі жылы Сарыағаш қаласының 102 шақырымдық айналма жолының құрылысы басталады
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, жол салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалалардың даму жоспары жүйеленіп, тұрғындардың өтініштеріне сай істер атқарылуда. Соның бірі – Сарыағаштағы айналма жол мәселесі.